Қазан мен қарашада елдің он өңірінде заңсыз қару тәркіленді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. Ведомство өкілдері полиция қызметкерлерімен бірлесіп, 45 бірлік атыс қаруы, оның ішінде бес автомат, 26 мылтық пен 14 тапанша, он граната мен 1259 оқ-дәріні қолға түсірген. Сала мамандары Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Абай мен Жетісу облысы мен Шымкент қаласында заңсыз қару айналымының жолын кескен.
Қазіргі таңда аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталыпты.