Ақтөбеде алып спорт нысанының құрылысы басталды. Ғимарат жаңа салынып жатқан "Алтын Орда" әлеуметтік іскерлік ауданында бой түзейді. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Жаңа нысанның жалып ауданы 31 мың шаршы метрден асып жығылады. Кешек 6,1 гектар аумаққа орналасқан.
Құрылысы басталған ғимаратта бес мың көрерменге арналған арена, 50 метрлік жүзу бассейні, спорттық және көркем гимнастика, баскетбол мен волейбол залдары кіреді. Сондай-ақ жаттығу залы, йога және пилатеспен айналысуға арналған бөлмелер қарастырылған.
Ақтөбе облысы әкімдігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, қазіргі уақытта құрылыс алаңын қоршау, топырақтың құнарлы қабатын алу және қазаншұңқыр қазу жұмыстары аяқталған. Қазір мамандар геодезиялық жұмыстар жүргізіп, іргетас тақтасын орнатуға қажетті арматураны дайындап жатыр.