Алматыда жер сілкінісі тіркелді
Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы Алматыда жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды.

12 наурызда Алматыда таңғы алтыдан 15 минут кеткенде жер сілкінісі тіркеліпті. Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы таратқан ақпарға сүйенсек, жер сілкінісінің ошағы Өзбекстан Республикасында екен. Ол Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 648 шақырым қашықтықта, ал Түркістан облысына қарасты Келес ауданы, Абай ауылынан 16 километрде орналасқан. Жер асты дүмпуінің қуаты Келес ауданының Абай ауылы мен Сарыағаш ауданына қарасты, Сарыағаш шаһарында 3 баллды құрады.
Жер сілкінісінен зардап шеккендер мен қираған ғимараттар жоқ.