• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

БҚО-да қоқысты жәшіктің сыртына тастаған 40 тұрғын жауапқа тартылды

Заң бұзғандар жасыл-желекті отап, қоқысты дұрыс лақтырмай, белгіленбеген жерде сауда жасаған.
БҚО-да қоқысты жәшіктің сыртына тастаған 40 тұрғын жауапқа тартылды
БҚО ПД видеосы жариялаған видеодан стоп кадр

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері жасыл желекті отап, қоршаған ортаға залал келтіріп, белгіленбеген жерде сауда жасап, қоқысты заңсыз лақтырғандарға қатысты жеті мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлайды.

Тәртіп сақшылары «Таза Қазақстан» акциясы аясында белгіленбеген орында сауда жасаудың 1013 дерегі, ортақ пайдаланатын орындарды ластаудың 365 фактісі тіркелгенін, сондай-ақ жасыл екпені бүлдіру мен абаттандыру қағидасын бұзғаны үшін бес мыңнан астам адамның жауапқа тартылғанын хабарлады.

Оралда қоқысты арнайы жәшікке тастамаған жандар жауапқа тартылуда. Осындай 40 адам әкімшілік жауапкершілік арқалап үлгерді. Өткен жылы тазалықты қамтамасыз ету үшін облыс орталығындағы 50 қоқыс алаңына арнайы бейнебақылау құрылғысы орнатылды. Камералар полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған. Осының арқасында тәртіп сақшылары қоқысты жәшіктің сыртына тастап кететіндермен күреспек.