Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында бұл бағытта атқарылып жатырған жұмыстар жөнінде жария етілді. Атап айтар болсақ, "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша ауылдық жерге тартылған 405 маманға 200 млн. теңгеге жуық көтерме жәрдемақы берілген. Және олардың баспана алуына да оңтайлы жағдай жасалыпты. Мұның бәрі жастар арасындағы жұмысссыздықты төмендету үшін жасалып отырған мемлекеттің қолдау дейді мамандар.

- БҚО халқының 23 пайызға жуығын жастар құрайды. Яғни 14 пен 29 жас аралығындағы 145 879 жас бар. 2017 жылдың екінші тоқсанында жастар арасындағы жұмыссыздық 4 пайыз болса, еш жерде оқымайтын және жұмыс жасамайтын жастар үлесі республика болйынша ең төменгі көрсеткіш 3 пайызға түсті,-дейді БҚО жастар саясаты мәселері басқармасының басшысы Аян Сакошев.
Биыл жастар саясатын жүзеге асыруға 370 млн теңге жуық қаржы бөлініп, 57 әлеуметтік-маңызды бар атқарылған. 28 жоба облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасымен, 29 жоба қала мен аудан әкімдіктерімен орындалыпты. Осы мақсатқа 173 млн. теңге бөлінген.
Жастар отанға деген атаумен өтіп жатырған лагерьге Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облысынан 120 адам қатысқан болатын.
«Дипломмен ауылға» барған 321 маманға 102 млн. баспана алуға несие беріліпті. «Жасыл елмен» 841 жас, «Нұрлы жол» бағдарламасымен 128 жас еңбекке тартылған.
Жұмыссыздықты жою мақсатында бос орындар жәрмеңкесін өткізу жоспары орындалып отыр. Бұл жерде жұмыс берушілер тарапынан ең сұранысқа ие мамандықтар бойынша түйіндемелер қабылданады. Алайда басты қиындық-жастарда еңбек өтілінің болмауы болып табылады. Ал егде жастағылар жас ерекшеліктеріне байланысты кедергілерге тап болатындығы белгілі болып отыр.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы жастарды ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан көтерме ақы мен баспана алуға жеңілдетілген несие ұсынады. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы маман ауылдық елдімекенге жұмысқа орналасқан жағдайда «Дипломмен ауылға» жобасы аясында тек қана 70 айлық есептік көрсеткішке тең сомада біржолғы көтерме жәрдемақы және қажеттілігіне қарай тұрғын үй салу немесе сатып алу үшін 1500 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада 15 жылға дейінгі мерзiмге жылдық 0,01 % мөлшерiндегі сыйақы мөлшерлемесімен бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын алу мүмкіндігі бар. Әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылған маман ауылдық елдімекенде кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндеттеме алады.
Арман КУРМАНАЛИЕВ