Бөрлі ауданында әлеуметтік осал топтарға тегін балапан таратылды

Көп балалы отбасыларға мемлекеттің қамқорлығы ерекше. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарды еңбекке ынталандыруды қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіруді тапсырған еді. Многодетным и малообеспеченным семьям Бурлинского района бесплатно выделили цыплят для выращивания Осыған байланысты өңірдегі көп балалы және аз қамтылған отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету механизміне жаңашылдық енгізді. Облыс әкімінің бастамасымен осы санаттағы отбасыларға тегін балапан таратылуда. Акция аясында Бөрлі ауданында 100-ден астам жанұяға көмек көрсетілді. Тақырыпты сол аудандағы әріптесім жалғастырады. Бөрлілік Жанар Аяпова жеті баланың анасы. Былтырдан бастап мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алып келеді. Әрі ай сайын кепілдендірілген әлеуметтік пакет беріледі. Мемлекет тарапынан көрсетілген көмек көпбалалы отбасыға зор демеу болды. Биыл әлеуметтік қолдау шаралары одан әрі жетілдірілді. Енді шаруашылықты өркендетуге зор мүмкіндік туды. Өйткені бұл отбасыға тегін 30 балапан берілді. - Облыс орталығынан әкелінген 3 мың балапан аудандағы 100-ден аса отбасыға тегін таратылды. Бұл көмек отбасыларға жеке шаруашылықты дамытуға және экологиялық таза өнім алуға мүмкіндік сыйламақ. Онымен қоса балаларды еңбекқорлыққа баулуға көмегін тигізетінін жеткізетіні сөзсіз. Қазіргі таңда құс өсіру тиімді, әрі жемісті бизнес, - дейді мамандар. - Жалпы ауданда 500-ге жуық көпбалалы отбасы бар. Мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар саны 177. Аудан әкімдігі бұл шараны қолдау мақсатында қыркүйек айында тағы 5 мың балапан алып, отбасыларға тегін таратпақ ниетте, - дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Алтынбек Бексейітов. Многодетным и малообеспеченным семьям Бурлинского района бесплатно выделили цыплят для выращивания Арман КУРМАНАЛИЕВ Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании.
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp