02 сентября 2013

Beeline әділ декреттік өтемақыны қолдайды!

beelineBeeline Қазақстан компанияда жұмыс істейтін, декреттік демалысқа шығатын және шыққан қызметкерлерді қолдауға шешім қабылдады. Компанияның қызметкерлері айлық табысының деңгейіне қарамастан толық декреттік өтемақы алатынына сенім білдіруіне болады. Жарнамалық ақпарат Үстіміздегі жылдың ақпан айында декретке шыққан жандардың өтемақысына мемлекет тарапынан ең жоғарғы шектеу қойылып, ҚР Еңбек кодексіне өзгеріс енгізілгенін естеріңізге саламыз. Енді орташа айлық табысы 186 600 теңгеден (10 АЕК) асатын Beeline компаниясының қызметкерлеріне мемлекеттік төлемге қоса жүктілікке және баланы дүниеге әкелуіне байланысты төлемнің көлемінде толық материалдық көмек көрсетіледі. Мысалы, қызметкер айына 300 000 теңге табыс табатын болса, мемлекет 783 720 теңге төлейді, ал Beeline компаниясы 476 280 теңге төлейді. «Beeline өте үлкен компания, бізде аптасына бір сәби дүниеге келеді десек те болады. Нәрестені күту көп қуат пен уақытты және қаржыны қажет етеді. Және жас аналар өздерін жайлы сезінуі аса маңызды. Жақсы жұмыс әрқашан өз бағасын алуы тиіс, сол себепті Beeline компаниясында біз декреттік демалысқа шыққан қызметкерлерімізге қуана қолдау білдіреміз», - деп Beeline Қазақстан компаниясының Ұйымдық даму және қызметкерлермен жұмыс істеу саласының директоры Дана Жақыпова түсінік берді. Компания 2013 жылғы ақпан айынан кейін яғни ҚР Еңбек кодексіне өзгеріс енгенннен кейін декреттік демалысқа шыққан қызметкерлерге де өтем ақы төлеуді міндетіне алатынын атап өткіміз келеді. *** Beeline Қазақстан телекоммуникациялық операторы - Қазақстан нарығындағы көшбасшылардың бірі, мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау, жалпытолқынды қол жеткізу технологиясының базасында интернетке қол жеткізу, Wi-Fi және үшінші сатыдағы 3G желісіне қосылу қызметтерін көрсететін еліміздегі бірден-бір әмбебап оператор. 2013 жылғы I жарты жылдың қорытындысы бойынша елімізде 8,8 миллионнан астам абонент Beeline қызметін пайдаланады. Beeline Қазақстан компаниялар тобының құрамына - «КаР-Тел» ЖШС (Қазақстандағы Beeline және Beeline Business бренді), «2DayTelecom» ЖШС және «TNS Plus»ЖШС кіреді. Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «VimpelCom Ltd»» халықаралық телекоммуникациялық холдингі абоненттер саны бойынша алтыншы орынды иеленетін компанияның құрамына кіреді. 2013 жылғы 30 маусымдағы көрсеткіш бойынша компания 215 млн. абонентке қызмет көрсетеді. Лицензия 0000317 от 24 августа 1998 выдана Министерством транспорта и коммуникаций РК. На правах рекламы.
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp