• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

БҚО-да сот кәсіпкерге салынған миллиондаған айыппұлдың күшін жойды

Шымкентте тіркелген компанияға БҚО-ның мамандары тексеріс ашып, камераларды тексеріс жүргізген.
БҚО-да сот кәсіпкерге салынған миллиондаған айыппұлдың күшін жойды
Сурет "ЖИ" (gemini) көмегімен жасалды

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты салық төлеушінің құқығын қорғап, кеден органдары салған миллиондаған айыппұлдың күшін жойды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы сотының баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекеттік орган өз өкілеттігінің шегінен шығып, өзге өңірде тіркелген кәсіпорынды заңсыз тексерген.

Өзге өңірге жеткен "ұзын қол"

БҚО кеденшілері ақпараттық жүйені шарлап жүріп, Шымкент қаласында тіркелген серіктестіктің құжаттарына өз бетінше камералдық тексеру жүргізген. Алайда тексерілген тауарлардың барлығы кедендік рәсімдерден Шымкент өңірінде өткен болып шықты. Тексеру қорытындысы бойынша олар бизнеске 223,2 миллион теңге кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдарды қосымша есептеп берген.

Заң шекарасы не дейді?

Алайда Кеден кодексінің талаптары бойынша әр өңірдің кеден органы тек өзіне бекітілген аумақта ғана бақылау жүргізуге құқылы. Шымкенттік компанияны тексеру тек сондағы аумақтық органның құзыретіне кіреді. Сала мамандары кеденнің заңдылық қағидатын бұзып, өзіне жүктелген шекарадан асып кеткен.

Сот шешімі заңды күшіне енді

Сот шенеуніктердің мұндай әрекетін заңсыз деп тапты. Дауланған хабарлама мен декларацияларға өзгеріс енгізу туралы шешім толығымен жойылды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.