6 часов назад

БҚО-да АИТВ инфекциясымен 1154 адам сырқаттанған

БҚО-да АИТВ инфекциясын 2025 жылдың үш айында 22 адам жұқтырған.

БҚО-да АИТВ инфекциясымен 1154 адам сырқаттанған
"ЖИ" көмегімен жасалған фото

2025 жылы Батыс Қазақстан облысында 1154 адам АИТВ инфекциясын жұқтырған. Биылғы жылдың үш айында 22 батысқазақстандық жұқпалы індеттің тырнағына ілініпті. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. Жұқпалы індеттің 54 пайызы жыныстық жолмен берілсе, 42,4 пайызы парентеральдық жолмен жұққан. Дәрігерлер соңғы жылдары инъекциялық есiрткi арқылы сырқатты жұқтырып алған деректердің саны азайып,  жыныстық жолмен жұқпалы індетті жұқтырып алушылардың саны артуда деп дабыл қағады.

Биылғы жылдың үш айында АИТВ инфекциясын анықтау үшін өңірде 28667 адам тексеріліпті. Өткен жылдың бірінші тоқсанында 27668 батысқазақстандық денсаулығын тексеріп, 16 адамнан инфекция анықталған.

Өткен жылы облыста АИТВ жұқтырған аналар он сәбиді дүниеге әкелді. Ал, 2025 жылдың үш айында үш бала туылған. Жұқпалы вируспен ауыратын анадан дүниеге келген шақалақтарды инфекционист дәрігерлер қарап, антиретровирустық профилактикамен, емханасы деңгейінде жасанды тамақтандырумен қамтамасыз етіледі. Дәрігерлер қазіргі таңда балалардың денсаулығына төніп тұрған қатер жоқ деседі.

Батыс Қазақстан облысында 2024 жылы және биылғы жылдың үш айында вирустық індеттің кесірінен өлім-жітім оқиғасы тіркелмеген.

АИТВ инфекциясы ауа тапшылары арқылы таралмайды. Жұқпалы індет қан және оның компонеттері, қорғалмаған жыныстық жол арқылы және анадан балаға берілу арқылы жұғады.


Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp