• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Қазақстанда балалардың құқығын қорғайтын жаңа платформа іске қосылмақ

Жаңа платформа "Balazhan" деп аталады.
Қазақстанда балалардың құқығын қорғайтын жаңа платформа іске қосылмақ
Cурет "ЖИ" (chatgpt) көмегімен жасалды

Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқығын қорғайтын жаңа платформаны іске қоспақ. Жаңа бағдарлама Balazhan мемлекеттік цифрлық платформасын енгізілмек. Платформа 2026-2030 жылдарға арналған "Қазақстан балалары" тұжырымдамасы аясында іске қосылады.

- Платформаның негізгі мақсаты - ерекше назар аударуды қажет ететін балаларды ерте анықтап, оларға қажетті көмекті уақтылы ұйымдастыру, - деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.

Жаңа платформа бала мен оның отбасы жайлы ақпарат жинауға жаңа талап енгізбейді. Бұған дейін мұғалімдердің жинақтап, жазып жүрген құжаттары бір платформада жасақталмақ. Мәліметтер бір рет енгізіліп, кейін қажет болғанда ғана толықтырылып отырады.

- Бұл құжат айналымын азайтып, педагогтердің жұмысын жеңілдетуге және мамандар арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға мүмкіндік береді. «Balazhan» Ұлттық білім беру деректер қорының модулі. Балалардың дербес деректерінің қорғалуы заңнама талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі, - деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.