Мемлекет басшысы жаңа жолдауын таныстыруда. Президент Тоқаев инфрақұрылымды дамытатын жаңа бағдарлама іске қосылатынын мәлімдеді. Жаңа бағдарлама «Халықтық құрылыс» деген атауға ие болмақ. Осы бағдарлама аясында халықтың әл-ауқатын артып, мыңдаған адам жұмыспен қамтылмақ.
Президент өңірлерде 70-ге жуық медициналық ұйым, 50-ден астам білім беру, спорт және мәдениет мекемелері бой түземек.
— «Халықтық құрылыс» бағдарламасы азаматтардың әл-ауқатын арттыратын, кәсіпкерліктің өркендеуіне, дамуына, ұлттық экономиканы жандандыруға зор ықпал ететін төл тарихымыздағы ең үлкен инфрақұрылымдық жоба болмақ.Аталған бастама жүз мыңдаған адамды жұмыспен қамтиды, оның игілігін тұтас халқымыз, әсіресе, өскелең ұрпақ көреді деп кәміл сенемін, – деп айтты мемлекет басшысы.
Үкімет президенттің тапсырмасын орындау үшін инфрақұрылымды жаңғыртудың жоспарын жасайды. Ауқымды жұмысты іске асыру үшін 2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан 605 триллион теңге бөлінбек.
– Биыл және 2027 жылдың алғашқы екі айы ішінде әлеуметтік жобаларды іске қосу үшін 1,5 триллион теңге көлемінде қаражат қарастыру қажет,– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.