Мұнай қалдықтары уат үнемдеу технологиясына қолданылады

Оралдық ғалымдар өндіріспен байланысты нығайта түсуде. Жәңгір хан атындағы БҚАТУ зертханасында сынақтан өткен тың жоба енді «Стройкомбинат» ЖШС-де нақты қолдау тапты. «Мұнай шламын өндірісте қолдану қуат үнемдеуге зор септігін тигізеді» дейді ғалымдар shlam Құрылыс  материалдары өндірісі қуатты көп керек ететіні белгілі. Бірнеше жыл бойы осы мәселені зерттеген оралдық ғалымдар өндірісте мұнай шламын қолданудың тиімділігін  айтуда. Өткізілген сынақтар бұл технологияның қуатты 30 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік беретінін көрсетіп отыр. Мұнай қалдықтарының физикалық және химиялық қасиеттері пештегі күйдіру процесін тездетуге сеп болады. Шламды кәдеге жарату бірнеше кезеңді қамтиды - Технологиясын жасадық. Әрине, мұнай шламын сол күйінде әкеліп қоса салуға болмайды. Сондықтан біз оны осындай технологияға бейімдедік. Сұйық қоймалжың күйінен конгломерат күйге енгіздік. Сол материал осы технологияны жүргізуге өте қолайлы, - дейді   Жәңгір хан атындағы БҚАТУ профессоры СӘРСЕНБЕК МОНТАЕВ. Жаңа технология қуатты үнемдеумен қатар шикізат ретінде де құнды. Қазір керамзит өндірісінде саздың белгілі бір түрі ғана қолданылады. Ал мұнай шламының қолданылуы  өнімді саздың өзге түрлерінен де өндіруге мүмкіндік бермек. - Барлық жерде кездесетін кәдімгі саз топырақ және де егер де бізде құм бар жер болса, оны да пайдалануға болады. Сондықтан әр түрлі мөлшерде қандай шикізат бар, соған бейімдеп біздер конгломерат жасай аламыз. Өйткені сары саз топырақ біздің Қазақстан аумағының барлық жерінде бар. Сондықтан мұны тек Батыс Қазақстанда ғана емес, ел аумағының кез келген өңірінде ендіруге болады, - дейді   Жәңгір хан атындағы БҚАТУ профессоры СӘРСЕНБЕК МОНТАЕВ. Ғылымдағы ізденістерді өндірісте сынақта өткізу жобаның тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді. Осыны негізге алған оралдық ғалымдар құрылыс индустриясы кәсіпорындарымен байланысты нығайтуға мүдделі. Мәселен, ғылыми жобалар аясында   әйнек қалдықтарынан жылу үнемдегіш қасиетке ие шынылар дайындау өндірісін жолға қою мүмкіндігі бар. Ал жасанды қиыршықтасты құрылыс пен жол жөндеу саласында қолдану  пайдалану мерзімін ұзартып, сапасын арттыруға  сеп болады. - Жасанды қиыршықтас жасаудың технологиясын ұсынып отырмыз. Бұл материалды табиғи қиыршықтастың орнына қолдануға әбден болады. Оның үстіне жылу үнемдегіш  қасиетке ие. Бұл үй құрылысы саласына  қолайлы болса, жол төсемінің пайдалану мерзімін  ұзартуға да пайдасы зор, - дейді Жәңгір хан атындағы БҚАТУ кафедра  меңгерушісі НҰРГҮЛ ӘДІЛОВА. Өндірістің қуаттылығын арттыру мен шығындарды үнемдеудің жаңа мүмкіндіктерін іздестіру – ғылыми ізденістердің басты мақсаты. Ал бұл жұмыстың  нақты  іске айналуы  ғылым мен өндірістің   әріптестігіне  байланысты.   Арман Курманалиев  
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp