Мамандық таңдау - болашақты айқындау

Бүгінгі таңда Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Политехникалық» институтында өндіріс саласына қажетті ауылшаруашылық және техникалық мамандықтары даярланады:6В08500/7М08700/7М08710/8D08700 - Аграрлық техника және технология, 6В07105/7М07105 - Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы, 6В07108 - Жол-құрылыс және көтеру-тасымалдау машиналары, 6В11300/7М11300 - Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, 6В11200/7М11200/7М11210 -Өндірістегі тіршілік қауіпсіздігі, 6В07101/7М07101/7М07111 - Электрмен жабдықтау, 6В07109 - Автоматтандыру және басқару.

Ауылшаруашылығында сұранысқа ие білім беру бағдарламаларының бірі 6В08700 - Аграрлық техника және технология. Білім беру бағдарламасы аграрлық және аграрлық-өндірістік сала, сондай-ақ инженерия саласындағы халық шаруашылығының басқа да салалары үшін мамандар даярлайды. Білім алу барысында білім алушылар облысымыздың алдыңғы қатарлы «Белес - Агро» ЖШС, «Пойма Май комбинаттары» ЖШС, «ABN технологиясы» ЖШС, «Ақсуат» ЖШС және т.б. агроөнеркәсіптік кешеннің жетекші кәсіпорындарында өндірістік практикадан және тағылымдамадан өтеді.

Аталған білім беру бағдарламасын игерген білім алушыға бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. Түлек өзінің кәсіби қызметін келесі салаларда жүзеге асыра алады: әртүрлі ауыл шаруашылығы субъектілері (фирмалар, кәсіпорындар, шаруа қожалықтары); машина-технологиялық станциялар (МТС); өңдеуші және жабдықтаушы кәсіпорындар мен фабрикалар; жобалау және жобалау ұйымдары; агротехнологиялық машиналарды техникалық пайдалану және қызмет көрсету ұйымдары; автотұрақтар; аудандық, облыстық және республикалық ауыл шаруашылығын басқару органдары (мемлекеттік қызмет); тракторлар мен ауыл шаруашылығы машиналарын пайдалану, техникалық қызмет көрсету және диагностикалаумен байланысты өндіріс; конструкторлық құжаттама; агротехнологиялық машиналарға, машиналар мен жабдықтарға қызмет көрсету технологиялары мен құралдары өндіру;
Сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешенге жаңа технологиялар мен техникаларды енгізуге қатысты бизнес-идеяларын жүзеге асыра алады.

Өзекті бүгінгі күнге сұранысқа 6В07105 - Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы және 6В07108 - Жол-құрылыс және көтеру-тасымалдау машиналары – білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың меңгеретін дағдылары: автокөлік саласындағы кәсіби қызмет кезінде IT – технологияның озық жетістіктерін пайдалану, көлік кәсіпорындарында зиянды және қауіпті факторларды талдау негізінде тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлік саласындағы нарықтық экономиканы талдау негізінде ұйымдастырушылық-экономикалық және басқарушылық шешімдер қабылдау, машиналарды жобалау теориялары мен принциптері негізінде беріктік пен тұрақтылықты есептеу мәселелерін шешу, автомобиль көлігінің жылжымалы құрамындағы электротехника және заманауи электроника құралдары туралы білім негізінде практикалық мәселелерді шешу.

Сонымен қатар автомобиль көлігін сертификаттау және лицензиялау саласындағы нормативтік-техникалық құжаттама негізінде заманауи диагностикалық құралдарды қолдана отырып, автомобиль көлігі жылжымалы құрамының бөлшектері мен агрегаттарының сенімділік көрсеткіштерін талдау; автомобиль жүйесінің жіктелуін, орналасуын, техникалық сипаттамаларын талдау, автомобиль құрылысының негізгі есептеулеріне және автомобильдер мен басқа да көлік құралдарының құрылысын жобалауға арналған техникалық мәселелерді шешу; автомобиль бөлшектері мен тораптарын жөндеу, техникалық қызмет көрсету, диагностиканы ұйымдастыру мен технологияларын әзірлеу және автоматтандыру мен механизациялаудың қазіргі заманғы құралдарын қолдана отырып білімдерін көрсету; әр түрлі жол жағдайларында қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін автомобиль көлігі кәсіпорындарының техникалық деректерін, пайдалану шарттарын, әртүрлі материалдарды қолдану ережелерін және жұмыс көрсеткіштерін талдау, автомобиль жолдарын жобалау, салу, қызмет көрсету және жөндеу салаларында қызмет атқара алады.

6В11300 - Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру мамандығы бойынша көлік кешені саласында әртүрлі деңгейде жұмыс істей алады. Бұл білім беру бағдарламасы автомобиль жолдарын жобалау, салу және пайдаланумен айналасатын ұйымдарда, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұйымдары мен құрылымдарында, логистикалық компаниялар, лизингтік немесе дилерлік кәсіпорындарында, жүктерді тасымалдау және сақтау жөніндегі ұйымдарда, жолаушылар көлігі кәсіпорындарында қызмет атқаратын мамандарды даярлап шығарады.
6В11200 - Өндірістегі тіршілік қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – өндіріс орындарында өрт және тіршілік қауіпсіздін қамтамасыз ету, еңбек қауіпсіздігін бақылау бағыты бойынша жоғары білікті мамандар дайындау, қазіргі уақыттағы өзекті де қажетті мәселе.
Осы білім беру бағдарламасын игерген түлектеріміз өндірістегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер, маман, инспектор; өрт қауіпсіздігі жөніндегі инспектор;ТЖМ ұйымдарында маман; тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау жөнінідегі жобалар мен объектілердің жай-күйінің сарапшысы; ғылыми-зерттеу және жобалау-іздестіру бюролары мен институттарының мамандары болып қызмет атқара алады.

6В07101 - Электрмен жабдықтау білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты электрмен жабдықтау саласының еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті, өзін-өзі дамытуға және техника мен технологиялар бакалавр біліктілігіне сәйкес негізгі қызмет түрлерін жүзеге асыруға қабілетті мамандарды дайындау болып табылады.
Жалпы мамандықтың қәсіби қызмет саласы электр энергиясының ағындары мен осы процестерді өндіру, жеткізу, тарату, түрлендіру, қолдану және басқару үшін жағдайлар жасауға бағытталған адами қызметтің технологиялары, құралдары, тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы саласы болып табылады. Сонымен қатар жоғарыда аталған процестерді іске асыратын элементтерді, аппараттарды, құрылғыларды, жүйелерді және олардың компоненттерін әзірлеу, дайындау, сапасын бақылау.
6В07109 - Автоматтандыру және басқару мамандығы автоматтандыру құрылғылары мен есептеу жүйелерін жобалау және құрастыру бойынша мамандарды дайындайды. Білім беру бағдарламасы жабдықты, аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуді, коммуникацияларды және олардың арасындағы өзара әрекетті зерттеуді қамтиды. Бағдарлама дәстүрлі электротехника мен математиканың теорияларына, принциптеріне және тәжірибелеріне назар аударады және оларды автоматика мен компьютерлік құрылғыларды жобалау мәселелерінде қолданады. Сондай-ақ студенттер бағдарламалық жасақтаманы, соның ішінде цифрлық құрылғыларға арналған бағдарламалық жасақтаманы және олардың пайдаланушылармен және басқа құрылғылармен интерфейстерін үйренеді.

Политехникалық институтында маманданған әрбір білім беру бағдарламасы бойынша ғылыми конференциялар, өндірісте өтетін практикаға бағытталған сабақтар, мәселелік дәрістер, мамандық бойынша ғылыми үйірмелермен және заман талабына сай білім бағдарламалары цифрлық технологияға бағытталған пәндермен қамтамассыз етілген.
Кез келген мамандық бойынша білім алушылар екінші курстан бастап алыс және жақын шет елдерге академиялық ұтқырлық саясатында әлемнің үздік оқу орындарынан (Польша, Ресей, Беларусия мемлекеттері) және еліміздің кез келген университеттерінен білім алып келуге толықтай мүмкіндіктері бар.
Сонымен қатар білім додасында өз білім деңгейлерін көрсетуге мүмкіндік беретін Республикалық олимпиадаларда білім алушылар жыл сайын қатыстырылып, жүлделі орындарды иеленуде.
Университет білім мен тәрбиені қатар ұштастырып, білім алушылардың сабақтан тыс уақытын ұтымды пайдалану бағытында спорттық кешендер, кітапхана жанынан жиі ұйымдастырылып тұратын дебат, әртүрлі ойын-сауық шаралары ұйымдастырылуы білім алушылардың тек ғана өздерінің таңдаған мамандықтарына деген қызығушылықты ғана оятып қоймай, жалпы университеттің қоғамдық, мәдени іс шараларына деген сүйіспеншілдіктерін арттыруда.

Мақаламды қорытындылай келе, жалпы қандай мамандықты таңдасаңыздарда, адам өзінің жүрек қалауын тыңдап, болашақта мамандығының хас шебері болуға шүбә келтірмейтіндей болуы қажет. Сондықтан, біздің «Политехникалық» институтында оқытылатын кез келген мамандықтың артықшылықтары еңбек нарығындағы ұдайы сұраныс, тұрақты жұмыс және жоғары жалақы.
Біздің мекен-жайымыз: Орал қ., Жәңгір хан к-сі, 51 (Бас ғимарат, 250 кабинет).
Тел.: + 7 7112 50 24 01, 50 21 42,
+ 7 777 268 00 77, +7 776 912 83 83, +7 771 054 52 54, +7 700 790 17 90
Мемлекеттік лицензия № kz15laa00007594 20.09.2016 ж.