Мамандық таңдау – жүрек қалауы!

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіні тек өңірімізде ғана емес, жалпы еліміздегі жоғарғы оқу орындарының ішінде ойып орын алатын білім ордасы. Жалпы қандай мамандық саласы болмасын ауылшаруашылығының дамуына үлесін қосып мамандар даярлауда өзекті қадамдар мен үлкен жұмыстар атқаруда. Осындай білім ордасы ірі 5- институттан құралған. Соның ішінде «Агротехнологиялық» институтында еліміздің алдыңғы қатарлы ауылшаруашылық мамандықтары: 6В07302– «Жерге орналастыру», 6В07303 – «Кадастр», 6В08300 – «Орман ресурстары және орман шаруашылығы», 6В08301 – «Ландшафттық дизайн», 6В07203 - «Тағам қауіпсіздігі», 6В07200 Тағам өнімдерін өндіру, 6В07201 Қайта өндеу өндірістерінің технологиясы, 6В08100 – «Агрономия», 6В08105 – «Агродақылдар өндірісіндегі IT», 6В08101 - «Топырақтану және агрохимия», 6В08102- «Өсімдіктерді қорғау және карантин», 6В08103 - «Жылыжай шаруашылығын ұйымдастыру», 6В08104- «Жеміс көкөніс шаруашылығы», ғылыми магистратура бағытында 7М07302- «Жерге орналастыру», 7М08100- «Агрономия», 7М08103- «Ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы мен тұқым шаруашылығы», 7М08101- «Топырақтану және агрохимия», 7М08102-«Фитосанитарлық қауіпсіздік» және доктарантура 8D08100- «Агрономия», 8D08101- «Топырақтану және агрохимия».

Мамандық таңдау – жүрек қалауы!

Батыс өңірі жерлерінің 85%  ауылшаруашылығына мамандықтан сұранысқа  ие және заман талабына сай ашылған білім беру бағдарламалары бүгінгі күнде қарқынды дамуда. Сондай білім беру бағдарламаларының бірі  - 6В08301 – «Ландшафттық дизайн». Бұл мамандықта білім алушылар меңгеретін дағдылар ландшафтық өнер теориясы, сәулет негіздері, классикалық дәстүрлер мен стильдер, технологиялар, заманауи үрдістер және дизайн әлеміндегі жаңалықтар сияқты білім мен қолданбалы дағдыларды меңгеру болып табылады. Мамандықтың артықшылығы, әр адамның өз ойларын, идеяларын жүзеге асырумүмкіндігі, нәзік талғамға ие болу мүмкіндігі. Ландшафт дизайнері қызықты, шығармашылық жұмыс. Мұнда барлығы тек маманның тәжірибесіне, қалауы мен дағдыларына байланысты.

«Орман ресурстары және орман шаруашылығы» – білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылардың меңгеретін дағдылары: Қазақстан Республикасының ормандарын көп мақсатты тұрақты және сарқылмай пайдалану, ормандар алқаптарын қорғау, есепке алу, орман шаруашылығы мен ландшафт құрылысында Ақпараттық технологиялар мен Аэроғарыштық әдістерді қолдану жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру саласында жоғары білікті мамандарды даярлау, орманшаруашылық ғылыми-зерттеу кәсіпорындары үшін еңбек нарығында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие, өңірдің орманшаруашылық кәсіпорындарында есептік-жобалық, өндірістік-технологиялық, ұйымдастырушылық жұмыстарды орындауға қабілетті мамандар

Сондай тағы бір мамандықтардың бірі 6В07302– «Жерге орналастыру», 6В07303 – «Кадастр». Мамандықтар бойынша әкімшілік-аумақтық құрылымдарда жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу, аудандық, облыстық деңгейде жерге орналастыру, оны жоспарлау және жер мәселелерімен толыққанды айналысатын, жерге орналастыруды жоспарлаудың құқықтық және техникалық аспектілерін реттеу, жерді және жылжымайтын мүлікті бағалау жұмыстарын атқару, жерді және басқа да жылжымайтын мүлік объектілері, жерге орналастыру, геодезиялық және кадастрлық жұмыстарды мемлекеттік бақылау жерді пайдалану мен қорғау, іздестіру және зерттеу жұмыстарын және жерді бағалау мен өлшеу жұмыстарын атқаруға  қабілеттенген мамандарды даярлап шығарады.

«Тағам қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты  – биологиялық және тағам қауіпсіздін қамтамасыз ету, тағам өнімдері сапасын бақылау бағыты бойынша жоғары білікті мамандар дайындау, қазіргі уақыттағы өзекті де қажетті мәселе.

Тағам өнімдерін өндіру маманы бұл шикізатты алғаннан бастап дайын өнімді буып-түйгенге дейінгі барлық сатыда өндірілетін тамақ өнімдерінің сапасына жауап беретін, тағам өнімдерін өндіру, сақтау, сапасын бақылау, зерттеумен және әзірлеумен айналысатын маман.

«Қайта өндеу өндірістерінің технологиясы» білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты  қазіргі заманғы өнеркәсіптік өндіріс талаптарына барынша сәйкес еңбек нарығындағы әлеуметтік ұтқырлық пен тұрақтылығын қамтамасыз ететін және кәсіби құзыреттілікке ие астық өңдеу, наубайхана, макарон, кондитер өндірістері үшін жоғары білікті, бәсекеге қабілетті білікті маманын қалыптастыру болып табылады.

«Агротехнологиялық» институтында маманданған әрбір білім беру бағдарламасы бойынша ғылыми конференциялар, өндірісте өтетін практикаға бағытталған сабақтар, мәселелік дәрістер, мамандық бойынша ғылыми үйірмелермен және заман талабына сай білім бағдарламалары цифрлық технологияға бағытталған пәндермен қамтамассыз етілген.

Кез келген мамандық бойынша білім алушылар екінші курстан бастап алыс және жақын шет елдерге академиялық ұтқырлық саясатында әлемнің үздік оқу орындарынан (Польша, Ресей, Беларусия мемлекеттері)  және еліміздің кез келген университеттерінен білім алып келуге толықтай мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар білім додасында өз білім деңгейлерін көрсетуге мүмкіндік беретін Республикалық олимпиадаларда білім алушылар жыл сайын қатыстырылып, жүлделі орындарды иеленуде.

Университет білім мен тәрбиені қатар ұштастырып, білім алушылардың сабақтан тыс уақытын ұтымды пайдалану бағытында спорттық кешендер, кітапхана жанынан жиі ұйымдастырылып тұратын дебат, әртүрлі ойын-сауық шаралары ұйымдастырылуы білім алушылардың тек ғана өздерінің таңдаған мамандықтарына деген қызығушылықты ғана оятып қоймай, жалпы университеттің қоғамдық, мәдени іс шараларына деген сүйіспеншілдіктерін арттыруда.

Мақаламды қорытындылай келе, жалпы қандай мамандықты таңдасаңыздарда, адам өзінің жүрек қалауын тыңдап, болашақта мамандығының хас шебері болуға шүбә келтірмейтіндей болуы қажет.  Сондықтан, біздің “Агротехнологиялық” институтында оқытылатын кез келген мамандықтың артықшылықтары еңбек нарығындағы ұдайы сұраныс, тұрақты жұмыс және жоғары жалақы.

ЖАС ТҮЛЕК - Сіздің таңдауыңыз біз үшін үлкен сенім мен жауапкершілік!

Толығырақ мәлімет алу үшін байланыс телефондары: + 7 7112 50 24 01, 50 21 42, + 7 777 268 00 77,  +7 776 912 83 83, +7 771 054 52 54, +7 700 790 17 90

wkau.kz

https://www.instagram.com/bqatu_wkau/

Лицензия №KZ15LAA00007594 от 20.07.2016 г. выдана Комитетом по контролю в сфере образования и науки МОН РК.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp