Маңғыстау облысына қарасты Қарақия ауданында 165 жұмысшының құқығы қорғалды. Ауданда жұмыс істейтін «Тұрмыс-сервис» мемлекеттік коммуналды кәсіпорны қызметкеріне 29 миллион теңге бережақ болыпты. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлайды.
Прокурорлардың талдауы барысында жалақы бережағы анықталыпты. Қадағалау актісі бойынша еңбекақы берешегі толықтай өтелген. Және кәсіпорын жалақыны уақытылы төлемегені үшін кәсіпорын Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 87 бабы, бірінші бөлігіне сәйкес айыппұл төлеген.
Еңбек заңнамасына сәйкес жалақы айына кемінде бір рет немесе келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленуі тиіс.