Қазақстан Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына орай президент рақымшылық туралы заңға қол қойды деп хабарлайды NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото с сайта www.akorda.kz
Президент рақымшылық жасау мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған мейірімділіктің белгісі болып табылатынын алға тартты.
"Біздің отандастарымызға қатысты бұл мейірімділік, үміт пен рақымшылық актісі қоғамды жақсартуға мүмкіндік тудырады. Рақымшылық әлеуметтік тұрғыдан осал тұрғындарды қамтиды - кәмелетке толмағандарды, жүкті әйелдер мен балалары бар әйелдерді, мүгедектерді, қарт кісілерді де", - дейді Қазақстан президенті.
Мемлекет басшысы елімізде Тәуелсіздік жылдарында сегіз рет рақымшылық жарияланғанын еске салды. Ал бүгінде 28 мыңға жуық адам рақымшылыққа ілігуі мүмкін екен.
Анықтама:
Рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi негiзiнде қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату
1. Рақымшылық жасау туралы актiнi адамдардың жеке айқындалмаған тобы жөнiнде Қазақстан Республикасының Парламентi шығарады.
2. Қылмыс жасаған адамдар рақымшылық жасау туралы актiнiң негiзiнде қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн. Қылмыс жасағаны үшiн сотталған адамдар жазадан босатылуы мүмкiн не оларға тағайындалған жаза қысқартылуы немесе жазаның неғұрлым жеңiл түрiмен ауыстырылуы мүмкiн, не мұндай адамдар жазаның қосымша түрiнен босатылуы мүмкiн. Жазасын өтеген немесе оны одан әрi өтеуден босатылған адамдардан рақымшылық жасау туралы актiмен соттылығы алынып тасталуы мүмкiн.
Ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарға, сондай-ақ қылмыстардың қауіпті немесе аса қауіпті қайталануы жағдайында жаза тағайындалған адамдарға рақымшылық жасау туралы акт қолданылмайды.
3. Белгiлi бiр жеке адамға ол жөнiнде айыптау үкiмi заңды күшiне енген жағдайда кешiрiм жасау туралы актiнi Қазақстан Республикасының Президентi шығарады.
4. Қылмыс жасағаны үшiн сотталған адам кешiрiм жасау кезiнде жазаны одан әрi өтеуден босатылуы мүмкiн не оған тағайындалған жаза қысқартылуы немесе жазаның неғұрлым жеңiл түрiмен ауыстырылуы мүмкiн. Жазасын өтеген адамнан кешiрiм жасау актiсiмен соттылығы алынып тасталуы мүмкiн.