17 жылдан бері жөндеу көрмеген автовокзалда реконструкциялық жұмыстар басталды.

Енді ғимараттың ескі бөліктері жаңғыртылып, қосымша жаңа нысандары пайда болады. Осылайша құрылыс аяқталған соң ғимарат 4 бөлікке бөлінеді. Сыртындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған автотұрақ кеңіп, қонақ үйлердің бөлмесі 45-ке дейін көбейеді, қазіргі автовокзалдың ғимараты бизнес субьектілерге беріледі. Ал күту залдары заманауи деңгейде жабдықталмақ. Сонымен қатар, қауіпсіздік күшейтіліп, ғимарат қоршалады. Жарық шамдары орнатылып, айналасы толықтай абаттандырылады. Жоба құны 85 млн. теңгені құрайды. Бұл сома автобус паркінің өз қалтасынан қаржыландырылады.
-«Біздегі жолаушылар легінің мөлшеріне лайықталған, барлық инфрақұрылымы жаңаланған, сапалы қызмет көрсетілетін автовокзал болуы үшін біз осы жұмысты бастап жатырмыз. Талап бойынша болуы керек тұрақжай бізде жоқ болатын. Сондықтан Түркиядан жобалаушы шақыртып, жобаны құрастырдық. Барлық жұмыс соған сай атқарылып жатыр»,-дейді автовокзалдың бас директоры Марат Абдрахманов.
Орақ қаласындағы автовокзал ғимараты 1982 жылы жұмысын бастаған екен. Облыстың барлық аудандары мен Ақтау және Атырау қалаларына байланыс орнатып отырған вокзал тәулігіне 1500 адамға қызмет көрсетуге қауқарлы. Бұдан өзге Ресейдің Сарама, Саратов, Тольятти, Орынбор және Қазан қалаларына халықаралық жолаушы тасымалы жүзеге асырылып отыр. Тексерістен өткен, қауіпсіз көліктермен қатынауда жолаушыларға билет бағасының қолжетімдігі үшін де қызметтері зор қолданысқа ие болып отыр. Құрылыс жұмыстары күзде аяқталады деп жоспарланған. Содан соң жаңғыртылған нысанда жолаушыларға көрсетілетін қызмет пен барлық жағдай жақсарады деп күтілуде.
Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании.
Арман КУРМАНАЛИЕВ