Бұл жолғы шара жылдағыдан ерекеше болады деді, - өңірлік коммуникациялар орталығында баспасөз мәслихатын өткізген ұйымдастырушылар. Гранд бал дарынды жастарды қолдап, қайырымдылық істерге ұйытқы болуға бағытталған. Оған іріктеу 3 қыркүйекте қазақ драма театрында өтпекші.

Кастингте 18-бен 29 жас аралығындағы жастар бағын сынап көруіне әбден болады. Қазір өтініштер өзіміздің өңірмен қатар, өзге облыстардан да келіп түсуде дейді, - «Ақиқат» жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Мерген Сүлейменов.
100 жас іріктеліп, бір ай бойы Гранд балға әзірленеді. Осы орайда жастарға «Астана-опера» театрының бас балетмейстері Досжан Табылды шеберлік сабақтарын өткізеді. Ерек жоба елге танымал әнші, актер, тележүргізушілер тарапынан да қолдау тапты. Олардың бірқатары арнайы келіп, жастарымен бірге балға қатысады.
Кештің басты қонағы «I am Singer 2017» тележобасының жеңімпазы Димаш Құдайберген. Бұған қоса композитор Ринат Ғайсин, әншілер Жанар Дұғалова, Кәмшат Жолдыбаева, Гүлнәр Оразымбетова, «Бастау» тобы, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы да балға қатысатын болады. Сондай ақ шараның құрметті қонағы ретінде «Евровидение-2011» байқауының жеңімпазы Эльдар Гасымов шақырылған дейді, - жобаның авторы әрі продюсер Алпамыс Шәрімов.
«Жүректен жүрекке» акциясы ұйымдастырылып, тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсетіледі. Бұл іске дебютанттармен бірге арнайы келген эстрада жұлдыздары да үн қосады. Сондай ақ қайырымдылық шаралар қарттар үйі, балалар ауылында, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп интернаттарында да іске асады. Шара барысында елге танымал қоғам қайраткерлері мен кәсіпкерлер өмір жолы мен бизнестің қалыптасу кезеңі туралы әңгімелейді.
Гранд балды жерлесіміз Гүлнәр Селбаева мен актер Асылхан Төлепов жүргізеді. Дәстүрге сай шара алдында жастар мен жұлдыздар қызыл кілеммен жүріп өтеді. Гранд балды 2 қазанда өткізу жоспарланып отыр.
Арман КУРМАНГАЛИЕВ