Орал қаласында әнші-композитор донеділ қажымовтың жеке шығармашылық кеші өтті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 29 қараша күні «Нұр Отан» залында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, әнші-композитор Донеділ Қажымовтың «Ақ Жайық – ару мекенім» атты шығармашылық кеші өтті. Әншінің өнерін бағалайтын халық залға көптеп жиналды. Шығармашылық кеште Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің (оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры «Құрмет» орденінің иегері, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Еркін Нұрымбетов, дирижеры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қырымгерей Қажымов) сүйемелдеуінде әнші Донеділ Қажымов елге кеңінен танымал «Ақ Жайық елге келсем, сен деп келем», «Сағыныш», «Сағыныш сазы», «Қадыр ақын – қыран жыр» әндерін орындап, халық назарына ұсынды. Кештің көрігін қыздырған Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері, әнші-композитор Гүлнар Дәукенова мен Донеділ қажымовтың бірлесіп орындаған дуэттық әндері кереметтей жарасым тапты. Осынау кеште арнайы Батыс өңіріне келген Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік дәрежедегі артисі Нұршат Зейіпхан әндерін халыққа тарту етіп, көрермендердің ыстық ықыласында болды. Сондай-ақ кеште халықтық «Ақжайық» би ансамблі, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншілері Қазақстанның еңбек сіңірген артистері Қанатқали Қожақов, Жұмағаным Рахимова, ҚР Мәдениет саласының үздігі Майра Хайдарова, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері Жаңылсын Хасанова, Жаскелең Ғайсағалиев, Эльмира Усаева, Дастан Есентеміров, Республикалық конкурстардың лауреаттары Ақсұлу Жумалиева, Ақмарал Ахметова, Дария Бақытова, Ернар Өмірәлі, Дархан Құлбабаев, Шынтас Мұстажапов, Камалиден Айтбаев, Ақбөбек Қайыржанова комопзтордың өнегелі өнер туындыларын тарту етті. Кеш шымылдығы Батыс Қазақстан облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің /дирижер Асхат Хасанов/ сүйемелдеуінде Ақ жайық өнірінің бойтұмарына айналған Донеділ Қажымовтың орындауындағы «Ақжайық - ару мекенім» әнімен шығармашылық кеш өз мәресіне жетті. Арман КУРМАНАЛИЕВ
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp