Орал қаласында биыл 53 шақырым жол жөнделеді

Осы мақсатқа 7 млрд. теңге қаражат қарастырылып отыр. Оның 3 млрд. теңгесін «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В» компаниясы инфрақұрылымдық жобаларға арналған әлеуметтік төлемдері аясында бөлгелі отыр. Жұмыстар 20 нысанда атқарылады. Оның 6-уы былтыр басталып, биыл жалғасуда. -«Бүгінде облыстық аурухана ауданы маңындағы Дәулеткерей көшесінің бойында жұмыс басталды. Бірнеше нысан бойынша мердігерлер анықталып, 14 әлеуметтік мекемеге, оның ішінде мектеп, балабақшаларға кіре беріс жолдар да жөнделеді»,-дейді Орал қалалық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бөлім басшысы Айдар Менеев. Қазіргі кезде мердігерлер іске кірісіп кеткен. Қала орталығы мен Деркөлде және Сарытау аудандарында 41 көшенің жолы жөнделуі тиіс. Бұл жөнінде қалалық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі хабарлады. Арман КУРМАНАЛИЕВ Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании.
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp