Әйел мемқордан тұрғын үй алу кезегінде 25 жыл тұрған, деп Батыс-Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, " Мой ГОРОД " порталының тілшісі хабарлайды.

Иллюстративное фото из архива "МГ"
№2 Орал қалалық сотының шешімімен көп балалы ана Раскалиеваның Орал қаласының әкімі және «Орал қ. тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не жазған талап арызынан бас тартты. Кейін аппеляциялық комиссия бірінші инстанция сотының шешімін өзгертіп, көп балалы ананың кезекке тұру тізімін қайта қалпына келтіруге шешім шығарды.
Іс материалынан шығатыны, 1990 жылдың желтоқсан айында Раскалиева 4 баласы болғандықтан, «көп балалы отбасы» санаты бойынша тұрғын үй алу кезегіне есепке қойылады. 25 жылдан астам уақыт бойы ол кезекте тұрады, бірақ 2016 жылдың маусым айында кезекке тұрғандар тізімінен шығарылады, өйткені бұрын 1995 жылы ол өз жеке меншігіне екі бөлмелі пәтерді жекешелендіреді және қазіргі уақытта балалары өсіп кеткендіктен, көп балалы отбасы болып табылмайды.
- Сот алқасы Раскалиева кезектен заңсыз шығарылғаны, өйткені жауапкерлер «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-мен және Орал қаласының әкімімен «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының заңының нормалары бұзылған деген тұжырымға келді, өйткені көп балалы отбасы халықтың әлеуметтік-осал топтарына жатады және тұрғын үй алғанға дейін есптен шығаруға жатпайды,- деп түсінік берді Батыс-Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.
Сот сондай-ақ көп балалы отбасы тұрғын үйге мұқтаж болып қалатынын, өйткені барлық 4 бала да онымен бірге тұрып жатқандығын, ал олар тұрып жатқан пәтер, санитарлық және техникалық талаптарға жатпайтындықтарын: бөлмелері жапсарлас болып табылатындығын атап көрсетті.
Анықтама:
Түгендеу жұмыстарына қажетті құжаттар тізбесі:
1. Өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктеріне паспорттары;
2. Некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы (болған жағдайда) куәліктерініңк өшірмелері;
3. Аумақтық әділет органының анықтамасын (өтініш берушіде және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде меншік құқығында оларға тиесілі тұрғын үй жоқ немесе бар екендігі туралы);
4. Есепке қойған жағдайда, мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтар жергілікті атқарушы органның анықтамасын (өтініш берушіде және үнемі онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің бар немесе жоқ екені туралы);
5. Азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекен-жайанықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын селолық және / немесе ауылдық әкімдерінің анықтамасы;
6. Өтініш берушінің отбасы мүшелері деп басқа адамдар танылғанжағдайда алғашқысы оларды өтініш беушінің отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімін ұсынады;
7. Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын азаматтарқосымша өтініш берушінің (отбасының) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататынын растайтын құжатты;
8. Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын азаматтар(мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбилеуші отбасыларды қоспағанда) өтініш жасаудың алдында отбасының әрбір мүшесіне соңғы он екі ай ішіндегі табысы туралы мәліметті қосымша ұсынады;
9. Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері,әскери қызметшілер мен сайланбалы қызмет атқаратын адамдар жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманы қосымша ұсынады;
10. Жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылған азаматтаросы фактіні растайтын анықтаманы қосымша ұсынады;
11. Отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген санитарлық жәнетехникалық талаптарға сай келмеген немесе жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екі және одан да көп отбасы тұрып жатқан немесе отбасы құрамында кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын науқастар болып, бір үй-жайда (пәтерде) олармен бірге тұру мүмкін болмаған жағдайда өтініш берушілер уәкілетті органның анықтамасын қосымша ұсынады.
Арман Курманалиев