Соған орай, жолаушы көліктерінің қозғалыс сұлбасына да өзгерістер енгізіліп отыр. Атап айтар болсақ, Құрманғазы көшесінің бір бөлігі 1 айға, Сады көшесі жол учаскесі қазан айына дейін жабылады.

Қалада 25 әлеуметтік нысанға жол салу жоспарланса, қазір оның 15-і дайын. Бұл жөнінде жолаушы көлігі және авто көлік бөлімі хабарлап, келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұрайды.
Орал қаласындағы қоғамдық көлік қатынайтын басты жолдың бірі орналасқан Құрманғазы көшесінің бір бөлігі бір айға жабылып отыр. Соған орай, Школьник, Лев Толстой аялдамаларына тоқтайтын маршруттардың жүру сұлбасына өзгеріс енгізілді.
-«Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 2018-жылдың 23-тамыз-22 қыркүйек аралағында автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге байланысты, Ихсанов көшесінен Еуразия даңғылына дейін Құрманғазы көшесінің бойындағы жол учаскесі жабылатындығын хабарлайды. Осыған орай, қоғамдық көлік қозғалысы Еуразия даңғылы, Мұхит көшесі, сарайшық көшесі, Құрманғазы көшесі арқылы жүріп, әрі қарай бекітілген сұлба бойынша жүзеге асырылады»,-деп хабарлады Орал қалалық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Самал Жұмағазиева.
Биыл қалада 50ден астам көше жолын жөндеу жоспарланса, қазіргі күні 35 жолдағы жұмыс аяқталған. Ал 20 шақты әлеуметтік нысанға кірме жолдардың 15-і қолданысқа тапсырылған. Қала тұрғындары ауқымды деңгейде атқарылған жұмыстар нәтижесі оңды болып, мердігерлер қазына қаржысы мен халықтың үмітін ақтау үшін өз істеріне жауапкершілікпен қарап, сапа талаптарын ескереді деген зор сенімдерін білдірді.
-«Биыл қалада көп жұмыс жасалып жатыр. Бұл қуантарлық жағдай. Жыл сайын жолдарымыз жақсарып келеді. Басшылыққа артар өкпеміз жоқ. Кептелістер мен кедергілерге алда жолдардың оңаларын түсініп, шыдап жүрміз»,-дейді қала тұрғыны Ақкүміс Ермекова.
-«Облыс орталығында ешқашан жөнделместей көрінген көшелерге қол жетіп жатыр. Барлығы жоспарлы жұмыстың ауқымдылығының арқасы деп білеміз. Осы қарқыннан таймау керек»,-дейді Анастасия Иванова.
Жоспарлы жол жөндеу жұмысына байланысты туындаған қолайсыздық үшін сала мамандары кешірім сұрап, жүргізушілерді сабырлы болуға шақырады.
Арман КУРМАНАЛИЕВ