Орал қаласында жылу таратушылар ауқымды жаңғыртуға дайындалып жатыр

Бұл мақсатқа 6 миллиард теңгеден аса қаражатты Еуропалық қайта құру және даму банкі бөлуі тиіс. Кезең-кезеңмен атқарылатын жұмыстар аяқталған соң жылу жарату орталығының қуаттылығы бірнеше есеге артады деп күтіліп отыр. Қалалық жылу электр орталығының тоқтаусыз жұмыс жасағанына елу бес жылдан астам уақыт болды. Сондықтан қазандықтар мен желілердің жаңғыртуды талап етуі орынды. Қаладағы 1176 тұрғын үй мен барлық әлеуметтік мекемелер осы кәсіпорын арқылы жылу көзіне қосылып отыр. -«Жайық жылу қуат» АҚ 1960 жылдан жұмыс жасауда. Сол себепті жаңғырту жұмысы ауқымды болмақ. Қазір Еуропалық қайта құру банкімен келісім жасалып, несие алу жағдайы қарастырылып жатыр. Қалған сомасын үкіметтің гранттары мен бюджет қаражаты арқылы толтырмақпыз. Бірінші кезекте бу турбинасы ауыстырылады. Қазір қуаттылдығы 10 мегабат болса, жаңғыртудан соң он сегіз мегабат қуаттылықта жұмыс жасайтын болады. Одан бөлек, біздің кәсіпорын электр энергиясын да өндіреді. Екінші кезекте бес бу қазандығын жаңалаймыз. Ал үшінші кезекте су қыздыру қазандықтары жаңғыртылады. Қазір қалада құрылыс қарқынды жүріп, көптеген тұрғын үйлер бой көтеруде. Бірақ жаңа шағын аудандағы үйлердің өз автономды желісі бар. Біздің кәсіпорын халықты қажетті қызметпен толық қамтып отыр»,-дейді «Жайық жылу қуат» АҚ-ның бас директоры Мұрат Бәйменов. Жылу таратушылар «Қазтрансгазаймақ» АҚ алдындағы қарызды қайтару үшін күш жұмысауда. Бүгінде кәсіпорынның қалған борышы 600 миллион теңге шамасын құрайды. Биыл коммуналдықтар осы соманы жабуды көздеп отыр. Станция жылына 250 миллион текше метр газ тұтынады. Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Нұрбану Сатыбалдинаның айтуынша, барлық жұмыс жоспары бойынша атқарылуда. Апатты жағдайлар тіркелмеген. Ауқымды жаңғырту жұмыстары үш жылдан соң аяқталуы тиіс. Бұл мақсатқа мемлекеттік гранттардан бөлек Еуропалық қайта құру және даму банкінен 6 миллиард теңгеден астам несие алу жоспары орындалса, коммуналдықтардың жұмысы еселене түседі. Арман КУРМАНАЛИЕВ
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp