Шаһар басшысы Мұрат Мұқаев қала əкімдігінде азық-түлік сатушы кəсіпкерлермен кездесіп, оларға өз дүкендерінен "əлеуметтік бұрыш" ашу туралы ұсынысын білдірді.

Бұл бұрышта бағалар төмен болуы тиіс. Қаладағы зейнеткерлер мен аз қамтылған, көп балалы отбасыларға қызмет көрсететін өнім сатуға арналған бұрыш бүгінгі қымбатшылықта көпшілікке біраз көмегін тигізер еді дейді əкім.
-"Əлеуметтік бұрыш" дегеніміз əлеуметтік өнімдер сатылатын орын. Кəсіпкерлерге осындай бұрыш ашу туралы ұсыныс білдіріп жатырмыз. Онда халық бірінші кезекте тұтынатын өнімдер санатындағы 19 түрлі азық-түлік болуы керек. Қазіргі жағдайда бұл да бір жеңілдіктің түрі болар еді",-деді қала əкімі Мұрат Мұқаев.
Алда мерекелер тойланғалы отыр. Осы сəтте бағалар тағы бір көкке сырғитыны баршаға аян. Тұрмыс жағдайы төмен отбасылардың онсыз да жағдайы мəз емес. Басты мақсат-шектен тыс қымбатшылыққа жол бермей, мұқтаж жандарға қолғабыс беру. Әкіммен кездесуге үлкен дүкендердің иелері, тауар өндірушілер келіп қатысып, сауда-саттықпен айналысатын ірі кәсіпкерлер əкімдіктегі жиында бас қосты.
-"Мен əкімнің əлеуметтік бұрыш ашу туралы ұсынысын қолдаймын. Өз дүкендерімнен осындай бұрыш ашуға қарсы емеспін. Зейнеткерлер мен көп балалы, тұрмысы нашар отбасыларға қолдан келген көмегімді аямай көрсететін боламын",-дейді кездесуде ұсынысты қолдаған жеке кəсіпкерлердің бірі Нұргүл Ашикова.
Әкіммен кездесуге қатысқан кәсіпкерлер енді жақын уақытта азаматтардың бірінші тұтынатын тауарларының бағасын бірқалыпты ұстап тұру үшін, қолға алатын шараларын жасақтап, таныстырулары керек. Бірлесе жұмыс жасаудың пайдалы тұсы супермаркеттер мен дүкендерге келген жандар қалтасына сай, аталмыш бұрыштан сауда жасай алады. Жаңа бастама көп ұзамай жемісін беріп, кəсіпкерлер қайырымдылық шарасына белсене атсалысады деген үміт зор. Тұрақты бағалар мереке кездерінде де сақталса, нұр үстіне нұр болар еді. Шараға қатысқан кəсіпкерлердің басым бөлігі ұсынысты қабыл алатындарын мəлімдеді. Тұрғындар бірінші кезекте тұтынатын азық-түлік тізімі алдын ала бекітілген тізім бойынша саттыққа шығарылады.
Арман КУРМАНАЛИЕВ