Бұл жобаға 113 миллион теңге бөлінген болатын. Батыс Қазақстан облысының орталығындағы демалыс орындарын әрлендіру мақсатында алдағы жылы да атқарылар жұмыстар жоспары ауқымды көрінеді. 2018-жылы шаһарымызда бес тынымбақты жаңғырту көзделіп отыр.

Биыл облыста екі тынымбақты абаттандыру жоспарланған болатын. Соның бірі-Пушкин тынымбағы қолданысқа беріліп үлгерді, ал екіншісі төртінші және алтыншы шағын аудан аралығындағы желек жол. Тынымбақтың құрылысы биылғы жазда басталған еді. Қазір ауа райының қолайсыздығы кедергі болғанымен, жұмыс бітуге таяп қалыпты. Бұл жөнінде Орал қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Мирас Мүлкәй мәлімдеді.
Бірінші және алтыншы шағынаудандар арасындағы жаяу жүргінші бульвары бойынша жарықтандыру бағаналарын орнату, брусчаткалар салу, асфальт төсеу және тағы да басқа жұмыстар жүргізілуде. Екі нысан бойынша мердігер мекеме - «Ремстройбыт» ЖШС. Нысанның аяқталу мерзімі - ағымдағы жылдың қараша айы.
Қала тұрғындары сейіл құрып, серуендеуге болатын орындардың артып жатқанын байқап отыр. Әрине, соған қарамастан ризашылықтары мен ұсыныстары барын жеткізіп қалды.
- «Мен Орал қаламыздың күн санап көркейіп, жақсарып келе жатқанын көріп жүрмін. Тынымбақтар мен жасыл желектер артып келеді. Әрине бұл қуантарлық. Осындай демалыс орындары қаланың Зашаған, Деркөл кентінде де көбірек ашылса деген ұсынысым бар. Мен өз балаларымның қауіпсіз жерде тынығып, серуен құрғанын қалаймын», - дейді Орал қаласының тұрғыны Гүлдана Хамзина.
Тынымбақтардың жаңғыртылу барысын қалалық әкімдік бөлімі қадағалауда алып, сапа талаптарын тексерісте ұстап отырады. Алдағы жылы осы бағыттағы жұмыстарға 7 миллион теңгеден аса қаражат бөлінуде. Яғни атқарылар жұмыс ауқымды. Бұл орайда тұрғындардың талап-тілектері қаншалықты ескерілмегін жобалармен танысқан соң айтуға болады.
Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылы Орал қаласы аумағындағы екі тынымбақты абаттандыруға жүз алпыс жеті миллион теңге қаражат бөлінді.
Арман КУРМАНАЛИЕВ