• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

«Орал қаласының құрметті педагогі» байқауының жеңімпазы анықталды: жеңімпазға 1,2 млн теңге көлемінде сыйақы беріледі

Байқау жеңімпазына 300 айлық есептік көрсеткіш көлемінде сыйақы беріледі.
«Орал қаласының құрметті педагогі» байқауының жеңімпазы анықталды: жеңімпазға 1,2 млн теңге көлемінде сыйақы беріледі
Орал қаласы білім беру бөлімінің фотосы

Облыс орталығында "Орал қаласының құрметті педагогі - 2026" байқауының жеңімпазы анықталды. Биыл №42 "Ақ ниет" гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Назекет Сатдыкова сайыстың жеңімпазы атанды. Бұл туралы Орал қаласының білім беру бөлімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл ұстаздар арасындағы байқау жетінші мәрте ұйымдастырылды. Оралдық 30 педагог сайыста бақ сынау үшін өтінім берген. Олар кәсіби жетістіктері мен білім беру саласындағы еңбектерін ұсынды. Жеңімпазды анықтау үшін Орал қаласы әкімдігінің жанынан арнайы комиссия құрылды.

Осы байқауда жеңіске жеткен педагог Назекет Наримановнаға "Орал қаласының құрметті педагогі" төсбелгісі, куәлігі мен 300 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақшалай сертификат табысталмақ.