Бұл туралы Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Иллюстративное фото из архива "МГ"
- Құрметті оралдықтар! Өздеріңізге жеткізгендей, соңғы күндері қала бойынша ауыз су беру белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде. Оның басты себебі - жазғы мезгілде ауыз су тұтыну мөлшері өсуіне және қалалық кәріздік желідегі қайта құру жұмыстарына байланысты болып отыр. "Батыс Су Арнасы" мекемесімен қалаға мамыр айында орташа тәуліктік су беру көлемі 49 500 м3 болса, қазіргі уақытта 55 000 м3 жетіп отыр. Екіншіден, апатты жағдайдағы Шолохов көшесіндегі айналмалы кәріздік коллекторды ауыстыруға байланысты қаланың солтүстік-шығыс аумағы, жаңа шағын аудандар, орталық аумақтағы барлық кәріздік ағындардың 70 проценті Неусыпов көшесіндегі КНС-1 және КНС-2 бекеттері арқылы өткізілуде. Сәйкесінше, осыншама жүктемеге бұл желі шыдамай апатты жағдайға келіп отыр. Сондықтан да осындай шектеу шараларын қолға алуға тура келді. Сонда да көп қабатты тұрғын үйлерде кесте бойынша су бергенде су жетпеу орын алып отыр. Осындай кезеңде тұрғындар тарапынан уақытша қолайсыздықтар үшін орынды реніштер болып жатыр, бірақ баршаңызды қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарауға шақырамын. Біздің тарапымыздан ауыз суды беруді толықтай қалпына келтіргенше барлық мүмкіндік болатын шаралар алына береді. Бүгіннен бастап қосымша төмендегіше шаралар алынуда:
-біріншіден, "ЖайықЖылуҚуат" АҚ-ның бір жылыту қазандағының жұмысын шектеу қойылып, ыссы су температурасы төмендетілді;
- екіншіден, қазандықты салқындатудан шыққан 200 куб суды қосымша "Батыс Су Арнасына" бағытталып, 1600 м3 су сағатына тазарту қондырғыларына жіберілуде;
- үшіншіден, жеке секторларға, атап айтқанда қаланың Солтүстік-Шығыс ауданы (ескі аэропорт), қаланың іргесіндегі саяжай алқабтары, Зачаганск, Мичурин, Асан ауылдарындағы аз қабатты жеке тұрғын үйлерге су беру шектеліп, кесте бойынша берілетін болады.
Сонымен қатар коллекторларды жөндеу жұмыстары жалғаса беретіндігін қаперіңізге саламын.
Арман КУРМАНАЛИЕВ