Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов мәлімдеді.

Иллюстративное фото из архива "МГ"
Мерекелік шаралар 3-қыркүйектен бастауы алып, 15-не дейін жалғасады. Қазақстан эстарда жұлдыздарының қатысуымен өтетін концерт 8 қыркүйек күні сағат 20:00де П.Атоян атындағы алаңда ұйымдастырылады. Кеш қонақтары -танымал кино және театр әртісі Тәуекел Мүсілім, эстрада жұлдыздары Айдана Меденова, Олжас Абай қала тұрғындарына мерекелік ән шашуларын арнайды.
Мейрамға арналған шаралар 3-қыркүйекте Дина Нұрпейісова көшесінің бойындағы "Ақжайық-шеберлер қаласы" атты көрмемен ашылады. Сол күні сағат 18:00де Жайық өзені жаңғалауында "Жайық сазы" дәстүрлі 11-ші фестивалі өтеді. 3-8 қыркүйек аралығы Қазақ киносы апталығы деп жарияланып отыр. Қазақфильм туындылары Гагарин кинотеатрында көрермендерге тегін ұсынылады. 4-қыркүйекте Қадыр Мырза Әлі атындағы өнер орталығының амфитеатрында қала әкімінің кубогына арналған көңілді тапқырлар клубы өтеді. 6-қыркүйекте Орал опера классикалық концертін тамашалауға мүмкіндік болса, 7-қыркүйекте "Жайық аруы-2018" сұлулық байқауы оздырылмақ. Басты концерт пен әсем отшашуды қала тұрғындары 8 қыркүйекте П. Атоян атындағы алаңда тамашалай алады.
-«Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін концерттік бағдарлама сағат 20:00-де басталады. Кеш жүргізушісі еліміздің танымал театр және кино әртісі-Тәуекел Мүсілім. Және эстарданың жарық жұлдыздары Айдана Меденова мен Олжас Абай да осы кеште мерекенің көркін қыздырады»,-дейді Орал қаласының әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов.
Сондай-ақ 7-қыркүйекте Абай алаңында жастарға арналған би кеші өтеді. Бұл күні ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, бекіре балықтарының шабақтары өзенге жіберіледі. Сонымен қатар, тұңғыш президент атындағы алаңда "Сапалы өнім" байқауы өтеді деп жоспарлануда. Ал 15-қыркүйекте қайырымдылық жартылай марафоны бастау алады.
-«Қайырымдылық марафоны Шаған жағалауы көшесімен Достық, Еуразия даңғылдары арқылы жүріп өтіп, стадионда мәресіне жетеді. 4 деңгей бойынша өтеді. Біріншісі-балалар арасында стадионның ішінде болады. Одан кейін жаңадан бастаушыларға 5 шақырымдық қашықтықта бір айналымға жүгіру қарастырылған. Бұдан өзге 10 жарым және 21 шақырым қашықтық бойынша марафон өтеді. Жеңімпаздарды қомақты қаржылай сыйақы күтіп тұр»,-деп толықтырды брифингте сөз алған Мирболат Нұржанов.
Сонымен қала күнін атап өтуге 9 миллион теңге қаражат жұмсалып, 20-дан астам мерекелік шара ұйымдастырылады деп жоспарлануда.
Арман КУРМАНАЛИЕВ