Оралдың "Омега" ауданындағы көлік көпірінің күрделі жөндеуге байланысты жабылуына орай бірнеше қоғамдық көліктің жүру бағыттары өзгергелі отыр.

Иллюстративное фото из архива "МГ"
Көпір үстімен қозғалыс 1-қарашада тоқтатылады. Күннің салқын кезінде көпір жабылып, бұзу жұмыстары қолға алынбақ. Сол себепті енді №3, 3к, 4, 6, 7, 10, 13, 16, 17, 35, 37, 49, 53 нөмірлі жолаушы көліктері басқа сұлбамен жүретін болады. Бұл жөнінде Орал қалалық жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Мұхамбетқалиев хабарлады.
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен брифингте 1-қарашадан бастап №3к, 6, 10, 16, 17, 37, 49, 53 бағыттағы қоғамдық маршруттар Молдағұлова, Петровский, Әбілхайыр хан даңғылы, Карбышев, Азербайджанский, Пионерский, Кеңес Одағының батыры Чуриков, Молдашев көшелерімен Есламғалиев көшесіне шығып, одан әрі бұрынғы бағытымен жүретіні мəлім болды. Ал №3 маршрут Молдағұлова, Петровский, Әбілхайыр хан, Карбышев, Азербайджанский, Пионерский, Кеңес Одағының батыры Чуриков, Есламғалиұлы, Молдашев, Есенжанов, Шолохов көшелерімен Сады көшесіне өтіп, әрі қарай өз бағытымен жүретін болады. Сонымен қатар, №4, 7 бағыттағы маршруттарға да өзгеріс енгізілген. Көпір жабылған мезеттен олар Молдағұлова, Петровский, Әбілхайыр хан, Мусин, Құрманғалиев, Шолохов, Есенжанов, Мұнайшылар, Конкина көшелерімен жүріп өтіп, өз бағытына түседі. №13 маршрут Есенжанов, Мұнайшылар көшелерін жол өткеліне жетпей айналып кері бағытпен қатынамақ.
Нəтижесінде жалпы саны 13 маршруттың қатынау жолы өзгергелі отыр. Сонымен сала мамандары "Омега" ауданындағы көпірдің жөндеуге жабылуы қаладағы көлік қозғалысы қиындатпайды деп сендіруде.
-"Жолаушыларға алаңдауға негіз жоқ. Бүгінгі таңда жол ержесін қадағалау және қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында жергілікті полиция қызметімен біріккен келіссіздер жүргізілуде. Бастапқы уақытта уақытша қиындықтар туындауы ықтимал. Өйткені қоғамдық көліктердің маршруты өзгереді. Сол себепті түсіністік танытуларыңыз сұралады",-дейді Орал қалалық жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Мұхамбетқалиев.
Арман КУРМАНАЛИЕВ