Оралдық Гауһар Аманқызы Qazaq aruy-2025 байқауында бақ сынайды

Батыс Қазақстан облысының намысын қорғайтын бұрымды №9 нөмірмен өнер көрсетеді.

Оралдық Гауһар Аманқызы Qazaq aruy-2025 байқауында бақ сынайды

Биыл Qazaq aruy-2025 байқауына оралдық Гауһар Аманқызы қатысады. Ол №9 нөмірмен өнер көрсетпек. Сұлулық сайысы 2025 жылдың 13 қарашасы кешкі сағат жетіде басталады. 

Бұрымдылардың байқауын әйгілі продюссер Баян Алагөзова ұйымдастырып келеді. Биыл Qazaq aruy байқауы 15 мәрте өтеді.

Батыс Қазақстан облысының атынан сайысқа қатысатын Гауһар байқаудың финалына жолдама алды. Ақжайық аруы Қазталов ауданының тумасы екен.

Гауһар -әрі модель, әрі актриса. Ол өзінің байқауға дайындығы жайлы оқырмандарымен бөлісіп отырады.

— Бүгінгі күн әдеттегідей биден басталды. ИНТРО-ның дайындығы қызу жүріп жатыр. Финал жақындаған сайын қобалжу да күшейе түсуде. Бірақ актриса болғандықтан, мұндай атмосфера мен үшін таныс. Іштей шаршасақ та, сыртқа білдірмейміз- себебі актер өмірі дәл осындай тынымсыз дайындықтан тұрады. Бізде нақты график жоқ: кейде демалып жүрген сәтімізде кенеттен демалыссыз дайындықтар, ұйқысыз түндер мен прогондар басталып кетеді, — деп бөлісті өзінің Telegram арнасында Гауһар Аманқызы.

Qazaq aruy-2025 байқауын YouTube  арқылы тамашалауға болады. Гауһарға жанкүйер болайық!

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp