08 декабря 2016

Оралда №1 қалалық емхананың филиалы ашылды

№1 қалалық емхананың филиалы ашылды. Клиникалық зертхана мен күндізгі ем қабылдау стационары орналасқан ғимараттта жедел жәрдем қызметі де ұйымдастырылған. Иллюстративное фото из архива "МГ" Иллюстративное фото из архива "МГ" №1қалалық емхананың дәрігер-мамандары 70 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетеді. Қала орталығындағы емдеу мекемесіне келушілердің көптігі күнделікті жұмысты ұйымдастыруда қиындықтар туғызғаны рас. Клиникалық зертхананың 3-қабатта орналасуы да егде адамдар мен мүгедектер қолайсыз болды. Тұрғындардың талап-тілегін ескере отырып, Еуразия даңғылы №35 мекенжайында (бұрынғы қалалық туберкулезге қарсы диспансер) қалалық емхана филиалының ашылуы халыққа медициналық қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз етпек. - Екінші қабатта – зертхана, күндізгі стационар бөлімі, УЗИ диагностиак бөлімі науқастарға қызмет көрсетеді. Фтизиатрия мамандары да кісі қабылдайды. Яғни олардың да күндізгі стационар бөлімі орналасқан, - дейді №1 қалалық емхана директорының орынбасары МАРИНА НӘЖЕНОВА. Зертханалық сараптама тапсыру мен ультрадыбыстық зерттеу бөлмелері 1-қабатта орналасқан. Жедел жәрдем қызметінің де ұйымдастырылғанын айта кеткен жөн. Ал жарық та жылы бөлмелерде күндізгі стационарда ем қабылдаушыларға қызмет көрсетіледі. - Емімізді алып жүрміз. Мынаның іші жылы, таза, жарық. Біздердей егде кісілерге бұл ғимарат өте ыңғайлы, - дейді Орал қаласының тұрғыны БАҚЫТ БЕКБЕРГЕНОВ. Халық көп шоғырланған аумақтардағы емдеу нысандарының қызметін реттеуге көңіл бөлінуде дейді сала басшылығы. Бұған дейін Зачаганск кентіндегі 6 қалалық емхананың филиалы ашылған болса, енді қала орталығындағы медициналық нысанның қызмет аясы кеңейе түсті. - №6 емхана бойынша да осындай жұмыстар жүруде. Егер емхана жанында бос ыңғайлы ғимарат болса, біз сол жерге филиалдарын ашамыз. Бірақ алдымен ол орынның эпидемиологиялық жағдайы зерттеледі. Талапқай сай келе ме? Сосын барып, көшуге болдаы. Бұл халыққа сапалы қызмет көрсетудің аясын кеңейтуге сеп болмақ, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары МӘНШҮК АЙМҰРЗИЕВА. Алдағы уақытта №3 емханада да қосымша бөлімше ашу жұмысы ұйымдастырылмақ. Сөйтіп емдеу мекемелеріндегі ұзақ-сонар кезекті болдырмау мен медициналық қызметтің сапасын арттыру бойынша жұмыстар жалғаса бермек. Арман Курманалиев
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp