• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Оралда 1174 түлек білім грантына ие болды

Биыл Орал қаласында 3086 түлек мектеп бітірген.
Оралда 1174 түлек білім грантына ие болды

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпарына сүйенсек, биыл Орал қаласында 3086 бала мектеп бітірген. Оның 2564-ті Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысыпты. 

Биыл мектеп бітірген түлектердің білім грантына түсу көрсеткіштері де жаман емес. 1174 бала оқу грантының жеңімпазы атаныпты. Оның 765-сі Қазақстандық жоғары оқу орындарының білім грантының иегері болды. Оның ішінде 205 адам Батыс Қазақстан облысында оқуды таңдапты. Ал, 560 түлек еліміздің өзге өңірінде орналасқан университеттерінде грантта оқиды.

Оралдық түлектердің арасында шетелдік жоғары оқу орындарында грантқа түскендер көп. 333 түлек ТМД елдерінде грантқа оқыса, 64 түлек шетел университеттерінде тегін білім алады. Ал, 12 түлек Назарбаев Университетінің грантын ұтып алыпты.

Главный баннер

Оралда түлектердің грантқа түсу көрсеткіші бойынша Мәншүк Мәметова атындағы №27 мектеп-лицейі жақсы нәтиже көрсетіпті. Биыл оқу ошағын 28 оқушы аяқтаған. Оның 27- сі білім грантының иегері атанды. Бір түлек ақылы оқуға тапсырған. Көрсеткіш 96 пайызды құрайды. 

Главный баннер --> after article