Аталған тұрғын үй кешені тұрғын үй кезегінде тұрған «Отбасы банк» салымшыларына берілді.

Бүгін, 10 қараа, Зашаған кентінің М.Мөңкеұлы көшесі, 108/6 мекенжайында салынған тоғыз қабатты тұрғын үйдің кілті жаңа қоныс иелеріне тапсырылды.
180 пәтерлі тоғыз қабатты тұрғын үй құрылысын «AQJAIYQ ӘКК» АҚ тапсырысымен «Алтим» ЖШС құрылыс компаниясы жүргізген. Жалпы аумағы – 10583,5 шаршы метр. Аталған тұрғын үй кешені тұрғын үй кезегінде тұрған «Отбасы банк» салымшыларына берілді.
Жаңа пәтер иелерін Орал қаласы әкімінің орынбасары Асхат Көлбаев құттықтап, кілттерін табыстап,шаңырақтарына ырыс-береке тіледі.

Біз әр оқырманымызды бағалаймыз, сондықтан түсініктеме беру кезінде ұсыныстармен мұқият танысып шығыңыз.
Али ЖУМАНОВ