Жылда облыс орталығындағы гүлзарларға гүлдің 20 түрі отырығызылатын болса, биыл 25 түрлі өсімдік егілгелмек екен.

Қаланы әсемдеп, гүлдестелермен өрнектейтін бағбандар дайындықты ақпан айынан бастапты. Жылыжайларда балғын түптер түйнек атып, гүлдеп үлгірген. Қазіргі күні олар қолда бар графикаларымен жоспар бойынша демалыс орындарындағы алаңдарға гүл отырғызуды қолға алғалы жатыр.
-«Бұл жұмыстармен «Жайық таза қала» ЖШС айналысады. Күн жылы болып, температура бірқалыпты сақталып тұрса, жақын аралықта олар өз жұмыстарын бастайды. Биыл қаламызда егілетін гүлдердің түрлері де, саны да артып отыр. Бірінші кезекте демалыс алаңдары мен басты даңғылдарға көңіл бөлінеді»,-дейді Орал қалалық ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің абаттандыру секторының бас маманы Роман Жұмиев.
Былтыр Оралда гүлзарлардың жалпы аумағы 24 мың шаршы метр болса, биыл 26 мың шаршы метрден асады деп күтілуде.

Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании.
Арман КУРМАНАЛИЕВ