Оралда коммуналдықтар құдықтардың бетіне тор орнатуда

Алғашқы болып бұл іспен халықты сумен қамтып отырған "Батыс су арнасы" ЖШС айналысып жатыр. Кəсіпорын қарамағында 10 мыңнан астам құдық бар екен. Қазір 50-ге тарта құдыққа авариялық қызмет тор көз салып, қауіпсіздікті күшейтіп отыр. Себебі құдықтың шойын қақпақтарына жау болған ұрылардың кесірі өзгелерге тиюде. Аузы аңырайып ашық қалған құдыққа ересек адам байқамай түсіп кетіп мертігіп жатса, балалар жазым бола жаздайды. Қаншама жазатайым оқиға тіркелді. Ал мына тор сол қақпақтың астында қауіптен сақтандырудың бір амалы. -"Шойын қақпақтар жиі ұрланады. Біз тəртіп сақшыларымен бірлесіп металл тапсыратын орындарға қақпақты қабылдамау туралы шара қолдандық. Бірақ ұрылар қулығын асырып жүр. Енді қақпақты ақша үшін кесіп, бөлшектеп тапсыратын болған. Адам көп жүретін орындардағы қауіпті тұстарға біз қақпақ астынан тор орнатып жатырмыз",-дейді "Батыс су арнасы" ЖШС бөлім басшысы Алмат Ақболатов. Былтырдан бері "Батыс су арнасы" ЖШС құдықтарының​ 100-ден астам шойын қақпағы ұрланыпты. Енді осындай кезде тор адамның терең шұңқырға құлап кетуінен сақтап қалатын болады. 100 келіден аса салмақты көтере алатын темірлерді құдықтарға орнату аса қиындық туғызбайтын жұмыс көрінеді. Сондықтан болашақта біраз құдықтың беті торланатын болады. Айта кетейік, жалпы қалада 30 мыңдай жер асты құдығы бар. Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании. Арман КУРМАНАЛИЕВ
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp