Оралда мекен-жайлық əлеуметтік көмек төлеу орталығы жұмысын бастады

Сəуірден бастап төленетін мекен-жайлық əлеуметтік көмектің көлемі ұлғаятыны белгілі. Осыған орай Орал қалалық жұмыспен қамту орталығында Call-center ашылып, тұрғындарға кеңес беруде. Қазір Оралда мекен-жайлық əлеуметтік көмекті 410 отбасы алып отыр екен. Жұмыспен қамту орталығы аталмыш көмектің көлемі күн көріс мөлшерінен 50%-дан 70%-ға дейін көбейгенін хабарлайды. -"Ақша тағайындалар сəтте көп балалы отбасыға, көп балалы анаға, мүгедек бала тəрбиелеп отырған отбасы жəне өзге де санаттар бойынша мемлекеттен төленетін жəрдемақылар табыс көзі ретінде есептелмейді. Көмек тағайындалған отбасыдағы əр балаға ай сайын  20789 теңге төленеді. Call-center 30-37-18 телефон нөмірі арқылы барлық сұрақтарға жауап береді жəне əр отбасымен жеке жұмыстанады",-деп мəлімдеді Орал қалалық жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Шыңғыс Шəкіл. Арман КУРМАНАЛИЕВ Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании.  
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp