20 сентября 2019

Оралда мектеп жанындағы жолдар таңбалануда

Сабақ басталған сәттен автокөлік жүргізушілері тізгінге абай болуы керек. Осы мақсатта жол сақшылары бірқатар жұмыстар атқарды. Соның бірі-мектеп жандарындағы жолдарды таңбалау. Оқушылардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында жол белгілерін айшықтап, жүргізушілерге де ескертуді күшейту. Бұл жұмыстар Орал қаласының әкімдігімен бірлесе атқарылып отыр. Жолдан өткен баланы байқамай қалмас үшін мектеп тұсынан өтерде жылдымдықты тежеу міндетті. Осы мақсатта жаяу жүргінші жолының басына оқушы бейнеленген макеттер орнатылуда. Сонымен қатар, қалалық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі қызметкерлері автобус жүргізушілерімен кездесу өткізіп, мектеп маңында аса мұқият болуды айтып, жол ережелерін бұзбауға шақырды. -«Көлік жолында мұндай макеттердің орнатылуы байқампаздықты арттырады деп ойлаймын. Жүргізуші жолға бала жүгіріп шығуы мүмкін екенін түсініп, сақ бола түседі. Қала жолдарында сабақ басталғңан кезде балалардың ерексектерсіз жалғыз жүруі жиі кездеседі. Ата-аналары түсіндіріп айтпаса балалар ережені ұмытып кетеді. Кейде кенеттен жүгіре жөнелуі де мүмкін. Мұндай сәтте жүргізуші жылдымдықпен келе жатса, тоқтап үлгіре алмай қалып жатады. Сондықтан мен мектеп жанындағы қауіпсіздіктің күшейтілуін құптаймын»,-дейді жүргізуші Аймира Сұңқарова. Автокөлік жолдарын таңбалау жұмысы әкімшілік полицияның нұсқамасымен жүзеге асады. Коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері таңбалау, бояу жұмыстарына атсалысады. Көп жағдайда жүргізушілер жолдағы сызықтар мен таңбалардың бояуы кетіп, солғындануы салдарынан байқамай басып өтетіндерін айтып шағымданып жатады. Мұндай жағдайда өз бастары ереже бұзушы ретінде тіркелетіні алаңдатады оларды. Сол себепті қазіргі кезде қалада 1000-ға тарта ескірген жол белгілері жаңаланып отыр. Арман КУРМАНАЛИЕВ Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании.
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp