Оралда жастар мен волонтерлер форумы өтті
Облыс орталығында Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастық өңіралық форумы аясында қос елдің жалынды жалынды жастары мен еріктілері бас қосты.
Орал қаласында ХХІ Қазақстан-Ресей ынтымақтастық форумы өтуде. Осы іс-шаралар барысында екі елдің жалынды жастары Достық үйінде бас қосты. Облыс орталығында жастар мен волонтерлер форумы өз жұмысын бастады. Оған Қазақстан мен Ресейдің белсенді жастары қатысты.
Салтанатты жиынға еліміздің түрлі өңірінен белсенді жастар келді. Және Ресейдің Татарстан Республикасы мен алыс-жақын қалаларына келген меймандар көп.
–Бүгінгі форум екі ел арасындағы жастар саясаты, волонтерлік саласындағы ынтымақтастық негізінде ұйымдастырылып отыр. Осы жылдың басында мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ресей Федерациясының «Рос.Молодежь» агентігі өзара меморандумға қол қойды. Меморандум аясында осындай «Добро соседство» форумы және осы өңіраралық форум аясында жастардың диалогтық алаңдарын ұйымдастыру жоспарланған еді,- мәдениет және ақпарат министрлігінің жастар және отбасы істері комитетінің басқарма басшысы Мансия Есекеева.
Форумда Татарстанның жастар министрі де атқарылған жұмыстарын жіпке тізді. Татарстан жастарының тәжірибесін ортаға салды. Ол Ресей Федерациясында еріктілердің қозғалысы мен волонтерлердің жұмысына тоқталды.
— Ерікті болу- әлеуметтік тәжірибенің айнамас бөлшегіне айналды. Волонтерлер қозғалысын қолдау мемлекеттік жастар саясатының негізі. Мұндай игі істер Ресей Федерациясы мен көрші мемлекеттерде кеңінен қолданылады. Еріктілердің қозғалысы- мемлекеттік дамудың стратегиялық құрамдас бөлігі ретінде танылған. Бұл концепцияларды Ресей Федерациясының үкіметі бекітті. (...) Елімізде 2025 жылы елі президенті қол қойған «Жастар мен балалар» ұлттық жоба іске асып жатыр. Бұл жобаның мақсаты-әрбір жастың потенциалын мен талантын ашуды көздейді. (...) 2030 жылға қарай жастардың 45 пайызы ерікті қозғалысына сабында болуы үшін жұмыстанамыз. Татарстан Республикасы бірнеше жылдан бері ерікті қозғалысының дамуы үшін аянбай еңбектеніп келеді,-дейді Татарстан Республикасының жастар министрі Азат Кадыров.
Жылдан жылға волонтер ұғымы кеңейіп, мән-мағынасы айшықтала түсті. Пандемия кезінде еріктілер жалғызбасты жандарға көмек қолын созып, азық-түлік, дәрі-дәрмек тасымалдағаны есімізде. Өткен жылы қызыл суда волонтерлер аянып қалмады. Уақытпен санаспай, су тасқынынан зардап шеккен адамдарға көмек қолын созды.
Қазіргі таңда Орал жастары экологияға, сауалатты өмір салтын ұстануға ден қойған. 2018 жылдары облыс орталығында жүгіретін жандардың басын қосқан «Uralsk Ranners» қозғалысы құрылды. Салауатты өмір салтын насихаттауды көздеген жоба бүгінде аяққа тұрып, табыс табуда. Бұл туралы қозғалыстың жетекшісі, кәсіпкер Асхат Рамазанов хабарлады. Кәсіпкер мамандығы бойынша эколог екен. Сол себепті Орал қаласында қоқыс сұрыптау жобасын қолға алыпты. Ол осылайша қоқысты сұрыптаған жандарға ақы төлеп, олардың бойында дағды қалыптастыруды мақсат тұтып отыр. Қазіргі таңда шаһардың әрбір ауданында дерлік қоқыс қабылдайтын орталық жұмыс істейді. Асхат Рамазанов бұл жобаға оқушылардың көптеп қызығатынын атап өтті. Үйдегі қоқысын сұрыптап, сол еңбегі үшін ақы алатыны балаларға ұнайды екен.
Ресейдің жастары өңірде жүзеге асып жатқан жобаларын ортаға салды. Соның бірі-Орынбор қаласында іске асқан «Алғашқы жұмыс» бағдарламасы екен. Бұл бастама 14 жастан бастап жасөспірімдерге еңбек етуге мүмкіндік береді.
— Біздер үлкен делегация болып, Орынбор қаласынан келдік. Бізде жастар саясаты мен волонтер қозғалысында атқарылып жатқан қызықты жоба көп. Бүгінгі форумда әріптестерім өңірде жүзеге асып жатқан «Алғашқы жұмыс орны» деген жобаны жайлы таныстырамыз. Біздің орталықта еңбек кітапшасын бастап, түйіндеме қалай жазуға болатынын үйретеміз. Жобаға қатысқан жандар кадр резервінің құрамында болады. Бізде ерікті қозғалысында да ерекше жобаларымыз көп. Солар туралы айтып беріп, Қазақстанның жобаларымен де танысып, тәжірибесінен үйренгіміз келеді,-дейді Орынбор жастар орталығы директорының орынбасары Вера Гах.
Қос елдің жастары бас қосқан жиында жұмысшы мамандықтар, волонтерлер қызметі жөнінде арнайы сессия өтті. Бұдан өзге қатысушылар жастар саясатында іске асып жатқан өңірлік жобаларды таныстырды.



