14 октября 2017

Оралда «Рухани жаңғыру» аясындағы сарапшылар пікірі тыңдалды

«Рухани жаңғыру-теңдесіз тарихи мүмкіндіктер!» Осындай атаумен Достық үйінде келелі басқосу болып өтті.  Жиында еліміздегі "100 киелі мекен" санатына қосылған тарихи орындар жөнінде айтылды. Киелі орындарды дәріптеу-ұлттық болмысты сақтап, тарихымыз бен мәдениетімізді жастарға меңгертуді көздейді. Солардың қатарында Жайық қалашығы мен Бөкей орда тарихи-мұражай кешені бар. Кездесу ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты және облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен өтіп отыр. Облыс әкімі Алтай Көлгінов жүргізген жиынға Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас сарапшысы, Сакралды Қазақстан ғылыми-зерттеу орталығын басшысы Берік Әбдіғалиұлы және аталмыш институттағы әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Алуа Жолдыбалина, ғалымдар, үкіметтік емес сектор мен мемлекеттік ұйымдар өкілдері қатысты. Басқосуда облыс әкімі рухани жаңғыру аясында өңірде атқарылған ілкімді істерге тоқталып, Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айқындалған құндылықтарға толы жобаларын Ақжайық жұртшылығы қолдайтынын және аталмыш жобалардың Батыс Қазақстан облысында толыққанды жүзеге асырылатынына сенім мол екенін жеткізді. Сарапшылардың кездесуі киелі орындарды дәріптеп, танытуда жасақталып жатырған жобалармен танысып, бірізді мәліметтерді қалыптастырып, рухани жаңғырудағы тарихы орындардың мән-маңызын арттыруды мақсат тұтады. -«Қазақстандағы 100 киелі орын қатарында табиғи ландшафтық орындар, таңбалық, әулиелі, тарихи тұлғаларға байланысты, қасиетті және қасіретті, саяси маңызға ие орындар болып түрлі санатқа бөлінеді»,-дейддә БҚО тарих және археология орталығының директоры Мұрат Сыдықов. . Жалпы саны 100 орын болғанымен олардың қатарына 165 нысан енеді. Мәселен Бөкейорда тарихи-мұражай кешені  бірнеше ғимараттан тұрады. Жиын соңында латын қарпіне көшу мәселесіне тоқталған мамандар ғылыми тұрғыда дәйектерін келтіріп, рухани жаңғыру бағытында ел ішінде атқарылар жұмыстардың ауқымды екенін атап өтті. Арман КУРМАНАЛИЕВ
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp