Администрация сайта «Мой ГОРОД»: информационное агентство «mgorod.kz». Собственник: ТОО «Медиастарт 2012». Свидетельство о постановке на учёт ППИ №KZ55VPI00069267 от 28.04.2023 года, выдано МИОР РК. Дата и номер первичной постановки на учёт №16487-ИА от 04.05.2017.
Директор: Нигметов А. Главный редактор: Кайнеденова А.Б.
Материалы, опубликованные со знаком R, а также под рубриками «Новости компаний» , «Бизнес» и «Выборы» носят рекламный характер. Ответственность за них несёт рекламодатель.
Оралда "Тұрғын үйді жаңғырту" бағдарламасы бойынша бөлінген қаражат жетіспей отыр
Жөндеуге зəру көп қабатты тұрғын үйлердің мəселесін шешуде тұрғындар үшін өте қолайлы саналатын бағдарлама бойынша биылға бөлінген қаражат 68 млн теңгені құрайды.
Бұл ақшаға тек 3 үйді ғана күрделі жөндеуге болады. Ал қалада "Тұрғын үйді жаңғырту" бағдарламасының шапағатын көреміз деп үміттерін үкілеп отырған тұрғандар саны күрт артып отыр. Себебі ел бағдарламаның тиімділігін түсіне бастаған. Оның үстіне қыста түскен қалың қар біраз көп қабатты үйдің шатырын опырып, ақ ұлпаның салмағына шыдас бермеген төбелерден су сорғалауда.
Ескі үйлердің бірі-Жəңгір хан 11 мекен-жайында орналасқан. Тұрғындар үйдің тесілген шатырын жөндеп, кəріз жүйесін ауыстырғысы келеді. Төбеден су ағып, электр желісінен ток ұшқындап тұр. Бар құжаттары əзір, келісімдері дайын тұрғанымен жұмыс басталар емес. Өйткені бюджетте қаражат жеткіліксіз көрінеді.
-"Пəтер ішіндегі қабырғалар сорғалаған тамшылардан сарғайып кеткен. Үйіміздің жағдайы нашарлап барады. Біз жөндеуді былтыр бастағымыз келген",-дейді тұрғындар.
-"Бағдарлама бойынша түскен өтініштерді ескеріп, қажетті қаражатты сұрап, іздестіріп отырмыз. Жəңгір хан көшесіндегі 11-ші үйге шамамен 48 млн.теңге керек. Тұрғындар үй жөнделсе айына 2500 теңгеден төлеп отыратын болады",-дейді тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Жұбан Жұмағалиев.
Сала мамандары бүгінде жөндеуге жататын 25 жобалық сметалық құжатты дайындап қойыпты. Бағдарламаны пайдалануға ниеттілер санының көбеюі-қаражаттың жетіспейтінін анық аңғартты. Сондай-ақ биыл қалың қардан 20 үйдің шатыры опырылып түскен.
Арман КУРМАНАЛИЕВ