Зашаған кентінде 51-ші мектептің құрылысы басталып отыр.

Оқу ордасы автокөлікке қызмет көрсету орталығына таяу орналаспақ. Жоба құны -1 млрд. 750 млн. теңге. Бүгінде іргетасы құйылып, қабырғасы жартылай көтеріліп қалған.
-"Зашаған кентінде бала санының көптігінен мектептерге салмақ түсіп отыр. Осы мəселені шешу үшін бірнеше мектеп салу қажеттігі туындады. Мына жаңа мектеп ғимараты 900 орынға лайықталған. Жұмысты 2021 жылдың ақпанында аяқтап тапсыруымыз керек. Бұдан өзге алда тағы екі білім беру нысаны бой көтереді деп күтіліп отыр",- дейді БҚО құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ақжол Охасов.
Жаңа мектептің аумағы 4 гектарды құрайды. Жанынан футбол алаңы мен балалар ойын алаңқайы салынып, ғимарат корпус бойынша тұрғызылады деп жоспарланған. Мердігер ретінде Атырауда қызмет көрсетіп жүрген кəсіпорын таңдалып, жауапкершілік жүктеліпті. Жұмысшылар мектептің қабырғасын көтеріп, кірпіштерін қалауға қызу кіріскен. Мердігер сөзіне сенсек, негізінен жергілікті жұмыс күші тартылып отырған көрінеді.
Арман КУРМАНАЛИЕВ
Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании.