Оралда «Жасыл ел» еңбек жасағы жұмысын бастады

"Жасыл ел" жастар еңбек жасақтарының  XV-ші еңбек маусымы салтанатты түрде  ашық деп жарияланды. Шара барасында еңбек жасақтарының таңбасы жас сарбаздарға табысталды. Жастардың командалық рухын көтеру мақсатында ашылу кезінде концерт ұйымдастырылды. Биыл «Жасыл ел» жасағы БҚО бойынша 1175 сарбазды жұмыспен қамтымақ. Оның ішінде 780 сарбаз облыс аудандарында жұмыс жасайтын болады. -«Ағымдағы жылы  «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары жылдағы дәстүрді сақтап, әсем де, жасыл қаламыздың көркін арттырып, гүлдендіруге, көгалдандыруға өз үлестерін қосатын болады.  Олар аумақтар мен өзен жағалауларын тазалау, аула спорт алаңдарын көріктендіру, ағаштарды отырғызып, жас көшеттерді күту, жол бойындағы инфрақұрылымды абаттандыру істерімен айналысады»,-дейді БҚО «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының штаб жетекшісі Аслан Тапишев. Айта кетейік, соңғы 3 жылда облыс аумағында 38 мың түп ағаш отырғызылып, 130 000-га астам жер көгалдандырылған. Қазіргі күні аталмыш еңбек жасағының бюджеті нақтылану үстінде. Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании. Арман КУРМАНАЛИЕВ
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp