Оралдық волонтерлар ардагерлерді Елорда күнімен құттықтады

Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Орал жастары», «Ақжайық жастары», «Жасыл Ел» мен «Студенттік құрылыс жасағының» волонтерлары Орал қаласының Ұлы Отан соғысының және тыл еңбек ардагерлерін карантин талаптарын сақтай отыра, мекен-жайларына арнайылап барып Елорда күні мерекесімен құттықтады. Оралдық волонтерлар ардагерлерді Елорда күнімен құттықтады Волонтерлар құттықтау ашық хаты мен естелік сыйлықтарын табыстай отырып, мерекеге арналған шағын концерттік бағдарлама ұсынды. Ардагерлеріміз осы бір мерекеде құттықтап барған волонтерларға алғысын білдіріп, батасын берді. Ұлы отан соғысының майдангері Ғайфуллин Мадрасұл үстіміздегі жылы 95 жасқа толды. Әлі де тың. Есте сақтау қабілеті мықты. Елорда күнін атамыз татулық пен мейірімнің және келісімнің мерекесі деп біледі. -Барлық қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтаймын. Бұл мерекенің Қазақстан халқы үшін маңызы зор. Құттықтаушы жастарға алғыстан басқа айтарым жоқ, - ҰОС ардагері Ғайфуллин Мадрасұл. - Мереке баршамыз үшін керемет әсерлермен басталып жатыр. Біздің ашық аспан аясындағы тыныш, мамыра-жай өміріміз кешегі қиянкесті соғыста елі, жері, келешегі үшін жаумен аянбай арпалысқан ардагерлердің ерлігінің арқасында келді, әрқашанда ардагерлерімізді мақтан тұтып, оларға құрметтеп көрсетіп жүру біздер үшін парыз. Осы орайда, жастар тарапынан атқарылатын игі-істер тоқтап қалмайтынын сенімділікпен айта аламын. Еліміздің құтты мекені, ел тірегі Елорда күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! - дейді «Орал жастары» волонтерлық қозғалысының жетекшісі Дулат Жүсіпқалиев. Оралдық волонтерлар ардагерлерді Елорда күнімен құттықтады Арман КУРМАНАЛИЕВ Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании.
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp