Сенегалдың Дакар қаласынан ақжолтай хабар жетті. Оралдық спортшы Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер арасында Олимпиада чемпионы атанды. Ол 52 келіге дейінгі салмақта белдесті.
— 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз жарыс жолын сәтті бастап, алғашқы белдесуінде Коста-Рика өкілі Химена Моралес Гамбоаны мерзімінен бұрын жеңді. Келесі кезеңде словакиялық Вивьен Вадовицованы қапы қалдырып, финалға жолдама алды, – деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
Фатима финалдық белдесуінде португал спортшысы София Гаспардан басым түсіп, жеңіс тұғырынан көрінді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Фатима Сұпығалиева бұған дейін Эквадодорда өткен кадеттер арасында әлем чемпионы атанды.