Қазақстанда астық саласында қолдауға 40 млрд теңге бөлінді
Үкімет елімізде астық саласын қолдау үшін 40 млрд теңге бөлді.

Олжас Бектенов басқаратын үкімет елде астық өндірушілерді қолдау үшін 40 миллирад теңге қаражат бөлді. Тиісті қаулығы үкімет басшысы қол қойды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қыруар қаражат көктемгі егіс жұмыстарының сапалы жүргізілуін қамтамасыз етуге,2025 жылдың өнімін қабылдау үшін астық қоймаларын босатуға бағытталмақ. Сондай-ақ, қаржы қазақстандық астық экспортының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен жаңа өткізу нарықтарын игеру сияқты кешенді міндеттерді шешуге бағыттау жоспарланып отыр.
Өткен жылы дихандар 25,2 миллион тонна дәнді дақыл жинады. Бұл рекордтық көрсеткіш еді. Сала мамандарының келтірген дерегіне сүйенсек, ішкі сұраныс он миллион тоннаны құрайды.2024 жылы мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында еліміздің дәнді дақылдар бойынша экспорттық әлеуеті 12 миллион тонна екенін атап өтті. Шетел асқан астықтың он миллион тоннасын дәстүрлі нарық сатып алса, қалғаны жаңа елдерге сауданыпты.