Ал Казталов ауданы бойынша биыл 16 елді мекенге газ тартылды.

Казталов ауданы Жаңажол ауылдық округінің Әбіш, Көктерек округтеріне қарасты Еламан, Саралжын елді мекендеріне табиғи газ құбыры тартылды. Көгілдір отын алауын жағу рәсімі Республика күніне орай 24 қазанда өтті. Газ құбырын ауылдарға «Әлия Сервис» ЖШС мен «ГазГид» ЖШС тартқан. Осы серіктестіктердің өкілдеріне ауыл тұрғындары ризашылығын білдіріп, рақмет айтты.
Ақпарат бойынша 29 мыңнан астам тұрғын тұратын Казталовта барлығы 48 ауыл болса, соның 32-сі газбен қамтылған. Биыл 16 шағын елді мекенге газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілді. Соның үшеуіне көгілдір отын жетсе, 27-28 қазанда тағы бес ауылда осындай қуанышты рәсім болмақ.
Қалған 8 ауылға қараша айында газ беріледі. Қазіргі кезде құрылыс жұмыстары негізінен аяқталып, абоненттердің құжаттарын реттеу, тиісті құрал-жабдықтар орнатып, газға қосу жұмыстары жүргізілуде.
Біз әр оқырманымызды бағалаймыз, сондықтан түсініктеме беру кезінде ұсыныстармен мұқият танысып шығыңыз.
Али ЖУМАНОВ