04 октября 2017

Тас жолдардағы жөндеу қоғамдық кеңестің жіті қадағалауында

Қоғамдық кеңестің отрысында «Тасқала - Орал» бағытында салынып жатқан тас жолдардың жұмысы талқыға салынды. Одан бөлек Жәнібек, Казталов аудандарында салынып жатқан жолдардың жұмыстары да сөз болды. Бұл жолғы қоғамдық кеңестің талқысына облыстық, республикалық маңызы бар тас жолдарда жүріп жатқан жол жөндеу жұмыстарынын барысы салынды. Бірінші кезекте «Орал-Тасқала» бағытында жүріп жатқан жол жөндеу жұмыстары туралы баяндама тыңдалды. Мердігерлер жұмысына 5 жыл кепілдік беріледі. Биыл облыста 400 шақырым авто көлік жолын жөндеу жоспарланған. «Орал-Тасқала» бағытында салынып жатқан жолдын бойында 20 аялдама, 6 аялдама алаңы тұрғызылатын болады. Қоғамдық кеңес барысында жолдардың бойындағы тазалық мәселесі, сол тазалыққа жауапты мекемелердің жұмысы талқыланып, жауапты тұлғаларды бекіту мәселесі туралы ұсыныс білдірілді. Екінші болып сөз алған баяндамашы облыстық маңызы бар тас жолдарда жөнделіп жатқан жұмыстармен хабардар етті. -«Жолдардың сапасына бақылау қашанда назарда болады. Бюджет қаражатының желге ұшпауы үшін мердігернлерге қатаң талаптар қойылып отыр. Оларды орындамаған мердігерлер келесі жолы мемлекеттік байқауға қатысып, жобаларды атқару мүмкіндігіне ие бола алмайды»,-дейді Батыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және авто көлік жолдары басқармасының басшысы Медет Шакаев. Баяндама барысында 2017-жылы облыстық және аудандық маңызға ие жолдарды жаңғыртуға 6 миллиард 200 миллион теңге бөлінгені аталып өтілді. Осы қаражатқа «Бөрлі-Ақтау-Жымпиты» тас жолының бір бөлігі жөнделді. «Чапаев-Жаңақала-Сайхын» тас жолына ағымдағы жөндеу жүргізілген. Сонымен қатар, «Шаған-Переметное» жолында күрделі жөндеу басталды. Оны 2019-жыл басына таяу аяқтау көзделуде. Қоғамдық кеңес барысында айтылған сын ескертпелер мен ұсыныстар тіркеліп, назарға алынатын болады. Және оларды дер кезінде жойып, қайталануына жол бермеу үшін бірқатар шаралар жоспары енгізімек. Естеріңізге сала кетсек, биыл Батыс-Қазақстан обласының жолдарын жөндеуге тоғыз миллиард тенгеге жуық қаржы бөлінді. Тек Орал қаласы бойынша 70 шақырым автомобильдік жолдар жөнделді. Арман КУРМАНАЛИЕВ
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp