Вице-Премьер Орал қаласында цифрландырудың жүзеге асуымен танысты

 ҚР Президенті Н.Назарбаевтың өз стратегиясында жүктеген тапсырмаларының бірі-цифрландыру жүйесіне көшу. Мемлекеттік қызметтің осындай жүйемен көрсетілуі пара беру, жемқорлық сынды қылмыстардың алдын алуда тиімді деп саналады. Аймаққа іс сапармен келген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев Елбасы жүктеген осы тапсырманың қалай орындалып жатқанын білу үшін бірнеше нысанды аралап көрді. Соның бірі-Орал қаласының əкімдігі ғимараты. Əкімдікке келген азаматты табалдырықтан асқан бойда қарсы алатын "Ашық əкімдік" жаңа форматтағы қызметі уақытты үнемдеп, əр сала маманына кабинет аралап жүрмей, бір жерден жолығып, кеңес алуға, кез-келген мəселені шешуге мүмкіндік туғызып отыр. Бүгінде әрбір бөлім мамандары дәл осы жерде тұрғындар тарапынан туындаған сауалдарды шешуде белсене қызмет етуде. "Ашық әкімдік" жобасының ең басты артықшылығы көптеген қызмет түрлерінің электронды үлгіге көшірілгендігі. -"Жаңа технологияларды енгізу арқылы көрсетілетін қызмет уақытын қысқартып, шығынды азайтамыз. Орал қаласында, БҚО-да бұл істің бір жолға қойылғанын бақылап, танысып жатырмыз. Бұл мəселеге елбасы аса мəн беріп отыр. Президент 2019-жылы мемлекеттік қызметті цифрландыруды 80%-ға, 2020-жылы 90%-ға жеткізуді тапсырды",-деді нысандарды аралаған үкімет басшысының орынбасары Асқар Жұмағалиев. Батыс Қазақстан облысының əкімі Алтай Көлгіновтың айтуынша, аймақта цифрландыру бойынша 40-тан астам жоба жүзеге асып жатыр. Соның ішінде денсаулық сақтау саласында қанатқақты жоба іске қосылған. Елбасының "Цифрландыру" бағдарламасы бойынша бүгінде білім беру саласында қарқынды жұмыс жүруде. Елдің әр өңірінде "IT" сыныптар көбеюде. Биылғы оқу жылында шаһардағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық-технологиялар мектеп лицейінде де осындай сынып ашылған еді. Лицей ұжымы робот-техника, кескіндеме-графика бағытында білім форматын пайдалануда. Бұл оқушылар үшін де қызықты. Жастардың білім көкжиегін дамытып-жетілдіруіне жаңа ақпараттық технологиялардың көмегі зор болып тұр. Мәселен, оқу ордасының кітапханасында әркім өзіне керек кітабын электронды түрде тіркеп, оқып, таныса алатын мүмкіндікке ие. Цифрландыру полицияларлардың да жұмысын жеделдетіп, жеңілдетуде. Департаменттің жедел басқару орталығы жаңа ғимаратқа қоныс аударған болатын. Бұл ғимараттан қала көшелеріндегі бейнебақылау құрылғылары қалтқысыз бақыланады. Олардың көмегімен 70-тен астам қылмыс ашылған. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында нысанға жуырда көлемі 16/9 см болатын үлкен монитор орнатылмақ. Орал қаласы мен аудандар 100% ақпараттық жүйемен қамтылған.121 есеп беру формасының 106-сы электронды түрде атқарылады. Қағазбастылықтан арылуда цифрландырудың көмегі зор болып отыр. Осы істің жай-жапсарымен танысқан Асқар Жұмағалиев атқарылып жатырған шараларға оң бағасын беріп, билік өкілдеріне қызметті оңтайландыруда сыналған бірқатар тапсырмалар жүктеді Арман КУРМАНАЛИЕВ  
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp