• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Оралда 31 қазанда «Халық заңгері» акциясы өтеді

Жыл сайын ұйымдастырылатын акция 31 қазанда Орал қаласы Жұбан Молдағалиев көшесі 19 мекенжайында сағат 17:00 басталмақ.
Оралда 31 қазанда «Халық заңгері» акциясы өтеді

31 қазанда Оралда республикалық «Халық заңгері» акциясы ұйымдастырылмақ. Науқан кешкі сағат 17:00 Жұбан Молдағалиев көшесі 19 мекенжайында өтеді.

 Жыл сайын ұйымдастырылатын іс-шарада азаматтар адвокаттарға, нотариусға, прокурор, полиция қызметкерлері, сот орындаушысы мен мемлекеттік мекемелердің басшыларына кез-келген сұрағын жолдап, тегін кеңес ала алады.

«Халық заңгері» акциясының мақсаты- тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру және тегін құқықтық көмек көрсетіп, құқықтық мәдениетті нығайтып, сот жүйесіне сенімді нығайтуды көздейді.