21 шілде күні ТЖК БҚО Жедел-құтқару жасағы, еріктілер және қалалық полиция сонымен қатар телеарна және қалалық баспа басылымдары журналистерінің қатысуымен Жайық өзенінде жыл сайын өтетін кезекті «Судағы адам қазасына-жол жоқ!» ақциясын өткізді.

- Аталған іс-шара бірінші жыл өткізілініп отырған жоқ. Акцияның мақсаты - тұрғындардың судағы ережелермен ақпараттандыру деңгейін жоғарылата және қоғамның назарын судағы қайғылы оқиғалардың орын алу мәселесіне аударта отырып, - деп айта кетті сүңгуірлірік-құтқару қізметінің басшысы Алексей Еремеев. - Әр демалыс сайын рейдтер жүргіземіз, радио және телеарнаға көрсетілімге шығып тұрамыз, газеттерде мақалалар жариялаймыз,қалалық LED экрандарында профилактикалық бейнероликтер көрсетіп билбордтар орнатамыз, балалардың қауіпсіздігі үшін сауықтыру лагерлерінде сабақтар жүргіземіз.
Жайық өзенін таңдап онда акция жүргізу кездей соқтық емес. Суға шомылуға ең қауіптісі - Жайық өзені, ағысы қатты, жер бедері біркелкі емес, ойлы шұңқырлы. Өзен арнасының жағалауы тік, кей жерлерде құмды-сазды болып келеді. Өзен жағалауын судың шаюы салдарынан құлаған бөренелер мен бұтақтар, демалушылардың тастап кеткен қалдықтары көптеп кездеседі.
Акция барысында Коминтерн ауданынан бастап «Металлист» зауытына дейін өзенде су маршруты бойымен патрульдеу өткізілді. Суға шомылушылардың көптеп шоғырланған орындарына тоқтаған кезде тұрғындармен әңгімелесулер жүргізіліп, үгіт парақшалары үлестірілді.
Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылы БҚО Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бөлімдері басшыларының ұйымдастыруымен оқу жағажайы «Жедел-құтқару жасағы» ММ-нің аумағында ашылады. Алдымен жедел-құтқару жасағының сүңгуірлік-құтқару қызметінің басшысы Алексей Еремеев балаларға судағы жүріс-тұрыс ережелерін, зардап шеккендерге көмек көрсету, құтқару құралдарын қалай қолдану керектігін және суға түсу ережелерін түсіндірді. Іс-шара барысында балалар қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы көптеген жазатайым оқиғалардың алдын алуға болатындығын түсінді.
Оқу жағажайының ашылуында «Атамекен» балалар жазғы-сауықтыру лагерінің 37 тәрбиеленушісі қатысып, суда жүзудің алғашқы дағдыларын қалыптастырды. Енді суға түсу маусымы аяқталғанша балалар кестеге сәйкес аптасына 2 рет сейсенбі және жұма күндері суда жүзуді үйренбек.
Арман КУРМАНАЛИЕВ